Алматы. 8 қаңтар. ҚазТАГ – Данияр Дәуірәлиев. Қазақстанда балалар автокреслосының бағасы Оралдағы Т7 мыңнан Қарағандыдағы Т100 мың аралығында болып тұрғанын ҚазТАГ агенттігінің жүргізген мониторингі көрестеді.
Агенттік тілшісі хабарлағандай, Астанада арзан жаңа және қолданыста болған балалар автокреслосы мен арнайы тұтқыр құрылғыларды сауда желілері мен интернет-дүкендерден «талап» әкетіпті. Автокреслоларды сататын елордалық бірнеше дүкендер мен интернет-дүкендердің өкілдерінің жауаптарына қарасақ, бағасы Т25-30 мың аралығындағы барлық арзандау автокреслолар сатылып кетіпті. Бұл ретте автокреслолардың жаңа әкелімі тек 11-16 қаңтар аралығында ғана болады деп күтілуде. Қолданыста болған бағасы Т20 мың аралығындағы автокреслолар интернет-есурстарда тек бір жасқа дейінгі балалардың «бесік» автокреслолары ғана сатылуда. Одан басқа, сатып алушылар арнайы тұтқыр құрылымдарды Т4-10 мыңнан «талап» әкетті. Сондай-ақ балаларға арналған «бустерлер» деп аталатын жастықтар да Т4 мыңнан және одан сәл қымбатқа талап әкетілді.
Ол құрылғылар да енді бір аптадан соң жеткізіледі.
Бұл ретте Алматы барахолкаларында жасы 12-ге толмаған балаларға арналған қытайлықы автокреслолар Т15-Т22 мыңаралығында сатылуда. Одан сапасы жоғары кәрістердікі – Т36 мыңнан сатылуда. Автокресло тапшылығы байқалмайды. Атап өтерлігі «бустерлер» саудада болмаған. Интернет-дүкендерде баға Т15-Т89 мың аралығында.
Талдықорғанда балаларға арналған автокреслолар үш сауда орнында сатылуда. Қазір ол саудада жоқ, енді келесі партиясы осы аптаның соңына түседі деп күтілуде. ҚХР шығаратын бір жастан 12 жас аралығындағы балаларға арналған автокреслолардың бағасы Т19-Т30 мың аралығында. Chicco фирмасының сапалы креслолары Т52 мыңнан.
«Сауда нүктелерінде айтарлықтай дүрлікпе байқалмағанымен балалары бар жеке меншік автоәуесқойлар тарапынан белсенділік көп.
Қалада жол полицейлері 7 қаңтардан соң балабақшалар қасында кезекте тұрады екен, және арнайы креслосыз балаларды әкелген жүргізушілерге айыппұл салуға кіріседі деген қауесет таралып кетті», - деп хабарлады агенттік тілшісі.
Өз кезегінде жеке меншік таксопарктер балаларды тасымалдауға арналған арнайы құрылғыларды сатып алу ниеті жоқтығын айтып отыр, себебі клиенттерге қызмет көрсететін көліктер олардың меншігінде емес, және авоиелдерінен жалға алынып пайдалануда екен. Айыппұл төлегісі келмейтін жүргізушілер өз есебінен автокреслолары сатып алуларына болады.
Қарағандыда автокреслолардың бағасы Т12 мыңнан жоғары. Мысалы, Т45 мыңға үш ересек кезеңге есептелеген автокресло сатып алуға болады, Т98 мыңға - былғарыдан жасалағанын. Интернетте қолдан Т10 мыңға сатып алуға болады.
«Автокреслоларға деген айтарлықтай дүрлікпе байқалмайды, бірақ құны Т10 мыңдық «бустерлерге» сұраныс артты», - деп хабарлайды ҚазТАГ тілшілері.
Петропавлда автокресло сататын дүкендерде 7 қаңтарда сауда қызды. Мамандандырылған бір сауда нүктесінің саудагері айтқандай, осы күні «бустерлер» данасына Т15-20 мыңнан сатылды. «Кеше бізге 7 қаңтарда «Бутуз» дүкенінде автокреслолар көп болады деп айтқан. Біз онда түсте келгенімізде Т40 мың тұартын керслолардан басқа ешнәрсе қалмағанын көрдік», - дейді Петропавл тұрғыны Елена.
Оның айтуынша, ол өзінің 9 жасар қызына автокресло сатып алмақшы болып аралаған барлық дүкендердегі жағдай осындай екен.
«Элиталық дүкендерде автокреслолардың бағасы Т100 мыңға дейін барады», - деді ол.
Оның айтуынша, бұдан бір апта бұрын Т4 мың тұрған «бустерді» ол Т6 мыңға сатып алуға мәжбүр болыпты.
«Сатушы жаз бойына осы креслолардың жатқанын, ал қазір 23 данасы сатылғанын айтады», - деді ол.
Оралда қытайлық автокреслолар Т7690-нан Т15290 аралығында сатылуда. Базарларда Т12 мыңнан.
Қазақстанның әр қалаларында «бустерлер» мен автокреслолардың бағасы Т6,1 мыңнан бастап, Т100 мыңға дейінгі аралықта сатылуда.
Ақтауда автокреслолар Т20 мыңнан Т50 мың аралығында. Дүкендердің көбінде балалардың автокреслолары соңғы кездері саудадан жоғалып кетті. «бәрін сатып алып қойды», - деп хабарлады тілшілер.
ҚазТАГ тілшілерінің хабарлауынша, Тараз базарларында автокреслолар жоқ.
Павлодарда қытайлық автокреслолар Т8 мың мен Т15,8 мың аралығында сатылуда.
Дереккөз: ҚазТАГ