Атырау, 24 қараша 02:39
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Күрсінбейік, көмектесейік!

2 017 просмотра

мүгедектерге деген саясатты қалай жақсартуға болады?

Өткен аптаның ішінде мүгедек әйелдер үшін тиімді  менеджмент бойынша өткізілген семинарға қатысуға жол түсті. Бұл ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауы барысында «Шырақ» мүгедек-әйелдер Ассоциациясының Халықаралық ҮЕҰ зерттеу және оқыту орталығымен бірлесе жүзеге асырылған екі жылдық жобаның қорытынды кезеңі болатын.  Жобаны Еуропалық одақ қаржыландырады.

Маған және менің әріптестеріме осындай семинарлар мен дөңгелек үстелдерге қатысып, онда мүгедек жандардың көптеген жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан проблемаларымен бетпе-бет келуге тура келеді. Ол проблемалардың қатарына Атырауда арбаға таңылған мүгедектерге арналған пандустардың жоқтығы және мүгедек арбаларының сапасының төмендігін енгізуге болады. «Мүгедек арбасының пайланану мерзімі 7 жыл болғанымен олар істен бір жылдан соң-ақ шығып қалады. Әлеуметтік бағдарламалар  және жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасына керекті арбаға тапсырыс берсең, оның орнына басқасын әкеліп береді, олар болса, бірде-бір есіктен өте алмайды. Біздің әрқайсысымызға жеке тұрғыда қарау керек, өйткені, біреуге иінтіректі басқарумен қажет болса, енді біреуге электрмен қозғалатын арба қолайлы болады. Алайда, нені ұсынады, соған риза болғаннан басқа таңдау жоқ», - деп мәлімдеді семинарға қатысушылардың бірі. Протездерге қатысты да осындай проблемалар туындап отыр. Мына бір жайтқа не күлеріңді, не жыларыңды білмейсің, бір қолы жоқ қалалық азаматшаға атыраулық шенеуніктердің тапсырысы бойынша баулы ортопедиялық аяқ киім алдыртқан.

Бұл семинарда тағы бір өзекті мәселе бой көтерді: арбаға таңылған мүгедек әйелдер гинеколог-дәрігерден, әйелдер кеңесінен  тексеруден өте алмайды, тіпті, ауруханаларда да оларды тексеруге мүмкіндік беретін құрал-жабдықтар жоқ.

Мұның бәрі, әрине ауыр жағдай. Алайда, оларды мүсіркеу жеткілікті емес. Тағдырдың өзіне сыйлаған ауыр қасіретімен күресіп өмір сүріп жатқан бұл жандарға айналасындағылардың ах-ух деп күрсінгендігі емес, мемлекет тарапынан нақты көрсетілетін жәрдем керек. Ал, бізде нақ осы мәселе дұрыс шешілген емес. Осындай дөңгелек үстелдер мен семинарларда мүгедек жандар өз-өзді ғана проблемасын айтып қоймайды, оған әлеуметтік бағдарламалар мен жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармаларынан шенеуніктер қашанда қалмастан қатысады. Бұл жолы да семинарда айтылғандарды қол кітапшасына жазып алған өкіл бұл мәселелерді қарап, шешімін табуға уәде етті. Бірақ, іс шешілетін емес. Еуропалық және американлықтардың ақшасына ұйымдастырылып жатқан семинарларда бұл проблемалар жылдан-жылға көшіп жүреді. Бұл жерде «суға кеткен тал қармайдының» кебін киген дұрыс сияқты. 2005 жылы Қазақстанда «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар туралы» заң қабылданды. Оның мақсаты - әлеуметтік проблемаларды шешуде мемлекет пен Үкіметтік емес ұйымдарды серіктес ету болатын. Оның мәні мемлекеттік органдарға әлеуметтік бағдарламаларға бөлінген бюджет қаржысының бір бөлігін үкіметтік емес ұйымдарға беру еді. Және сөзсіз конкурстық негізде және тиісті бақылауға алу арқылы.

Мұндай тәжірибе батыс Еуропа мен АҚШ-да 50-жылдардан бері бар және олар өздерін толығымен ақтап отыр. Олар мемлекеттің барлық әлеуметтік саланы бір өзінің тарта алмайтындығын баяғыда-ақ түсінген.

Бұл заң мүгедектер проблемасымен айналысуға маманданған қазақстандық ҮЕҰ үшін өзекті болып табылады. Және бұған айтарлықтай мысал болатын жағдай Павлодарда, Таразда және Қарағандыда бар. Онда тиісті ҮЕҰ жергілікті билікпен тығыз байланыста жұмыс жасап, біраз мәселелерді шешуге қол жеткізген. Ал, Атырауда жергілікті органдар баяғыша жұмыс жасауда. Жұмыспен қамтуды үйлестіріу және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мемлекеттік сатып алулар конкурсында бұрынғысынша шектеу қоюды біледі, басты мәселе - мұнда қажетті заттың сапалылығы мен қолайлылығы емес, оның бағасы. Және бір айта кететін жайт, олардың проблемасын шешумен кезекті есептерінде орындалғаны туралы белгі соға салатындар емес, мүдделі адамдар ғана айналысуы тиіс.

Тамара СУХОМЛИНОВА

18 тамыз 2011, 00:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.