Атырау, 27 қараша 23:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ең соңғы мерзім

2 194 просмотра

Атырауда салынып жатқан 180 орындық облыстық жұқпалы аурулар ауруханасын тапсыру мерзімі қайтадан кейінге – 2015 жылдың мамырына шегерілді. НКОК консорциумында (ол осы компанияның әлеуметтік-инфрақұрылым нысаны болып табылады) сендіргендей, бұл соңғы мерзім болмақ.

«САҚАЛДЫ» НЫСАН

Бұл нысанды сәтсіз деп атауға болады. Құрылыс сонау 2004 жылы басталды, сол кезде ол жарты миллиард теңгеге бағаланды. Ал, бүгінде бейресми ақпарат бойынша, бұл цифр 2 млрд-қа дейін көбейген. Бастапқы кезеңде топырақтан гипс шөгінділер, сондай-ақ, жерасты суларының жоғарғы қабатта орналасқандығы анықталды, бұл жобаны түзетуді қажет етті. Үлкен үзілістен кейін құрылыс 2011 жылы қайта жанданды. Мұнда мердігер ауысты - «Атырауавтоспецстрой» ЖШС-нің орнына «Желдорстрой» ЖШС келді. Содан бері қарай нысанды тапсыру уақыты әлденеше рет кейінге шегерілді. Осының алдында тапсыру мерзімі 2013 жылдың желтоқсанынан 2014 жылдың бірінші тоқсанына шегерілген болатын.

Бізді қашан көшіретіндігі туралы ақпараттан бейхабармыз. Облыстық денсаулық сақтау басқармасымен сөйлесіп көріңіз, олар осы мәселеге бақылау жасайды. Ал, біз 20 жылдан бері бұрынғы балабақшаның бейімделмеген ғимаратын паналап келеміз, - дейді облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Надя ЕРҒАЛИЕВА.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Меңдіхан ӨТЕПҚАЛИЕВТЫҢ айтуынша, аурухананы 2015 жылдың бірінші тоқсанында тапсырмақ.

– Біз қазір консорциумнан оның тек жұқпалы аурулар ауруханасы емес (оған блок бөлеміз), көпбейінді стационарлық мекеме болатындай қосымша жасақтауды өтініп отырмыз.

Бірақ бастапқыда әңгіме тек жұқпалы аурулар ауруханасы туралы болды ғой.

- Бұл 180 орынды кереует болатын ауқымды стационарлық медициналық мекеме болады. Біз оны тек жұқпалы ауруға шалдыққан науқастармен толтыра алмаймыз. Сондықтан басқа медициналық қажеттіліктер үшін ішінара бейінін өзгертуді қалаймыз.

 

БАРЛЫҚ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

НКОК компаниясының (қазір NCOC N.V қосылған)әлеуметтік инфрақұрылым жобалары (ӘИЖ) бөлімінің бастығы Әділхан БАЙГЕНЖЕЕВПЕН құрылыс алаңына бірге келген кезде, құрылыстың 2015 жылы мамырда аяқталатынын мәлімдеді. Аурухана бас корпустан, 45 кереуеті бар 4 негізгі және бірнеше қосалқы: оттегі блогы, тамақтану блогы, шаруашылық блогы, жекеменшік кәріздік-сорғы стансасы бөліктері бар блоктан тұрады. Байгенжеевтің айтуынша, аурухана аумағы «таза» және «лас» екі аймаққа бөлінетін болады. Негізгі корпус секілді, бақылау-өткізу қосынымен, сонымен қатар, көлік техникасын залалсыздандыруға арналған арнайы жуу құрылғысымен жарақталған қосымша кіретін қақпа қарастырылған. Бас корпустың төңірегіндегі алаң асфальтталып, көгалдандырылатын болады. Отырғыштар қарастырылған. Аурухананың әрбір палатасы унитаз бен ваннасы бар санитарлық тораппен және сейілдеу балконына шығатын жеке есікпен жарақталған. Бұл ауруханадағы палата есіктері де өзгеше. Олардың науқастармен сөйлесуге арналған және оны оқшаулаған жағдайда тамақ беретін арнайы терезесі бар. Ал, жақын күндері аурухана аумағына инсинератор – биологиялық қалдықтарды термикалық жоюға арналған құрылғы әкелді. Қазір ол зауыт пломбасы бар контейнерде тұр, бірақ бірер күннен кейін іске қосып-реттеу үшін монтаждаушыларды күтуде.

 

«МАМЫРҒА ДЕЙІН ҮЛГЕРЕМІЗ»

«Атырауавтоспецстрой» ЖШС директоры Қадыржан ҒАББАСОВ тапсыру мерзімі 2015 жылдың мамырына дейін ұзартылатындығын түсіндірді:

- 2004 жылы құрылыс басталған кезде бұл жерде жоғары қысымды газ құбыры жұмыс істеді. Оны қосуға рұқсат құжаттары ресімделген еді. Жаңа техникалық шарттарға сәйкес, біз орташа қысымдағы газ құбырына қосылуға тиіспіз. Бұл үшін жобаны қайта жасақтау қажет болды. Қазір жобалаушылар бұл жұмысты аяқтады, содан кейін біз «ҚазТрансГаз Аймақ» ЖШС-мен құжаттарды мақұлдайтын боламыз. Қосу қызметтерін төлеп қойдық. Қаңтар айында әрлеу жұмыстарына кірісу үшін бұл процедураны Жаңа жылға дейін аяқтаймыз деген үміттеміз.

- Мамырға дейін үлгересіздер ме? Әлі аумақты асфальттап, жабдықтарды орнатып, іске қосу керек қой...

- Үлгереміз. Өзіңіз көріп тұрсыз ғой, бастапқы әрлеу жұмыстарын жасап қойдық, жер-жерге сантехника орнаттық. Газ бен жылуға қосылып, әрлеу жұмыстарын тез аяқтаймыз. Асфальттау мен көгалдандыру жұмыстарын көктемде бастаймыз. Тиісті фирмалармен жасалған алдын ала келісімдер бар. Инсинераторды алып келді, қалған медициналық жабдықтарды жеткізу жұмыстары желтоқсанның аяғында – қаңтарда басталады. Аурухананы көпбейінді мекемеге айналдыру жөніндегі облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұсынысына келер болсақ, Байкенжеев 2004 жылы облыстық әкімдіктен жұқпалы аурулар ауруханасы болса деген өтінім жасалғанын түсіндірді, құжаттарымыздың барлығында ол осылай белгіленген. Бұл - бірегей медициналық нысан, Қазақстанда ондай нысан жоқ. Оның мақсатын толықтай немесе ішінара өзгерту - әкімдіктің құзыретінде.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

18 желтоқсан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.