Атырау, 26 қараша 11:40
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Полицейлердің "елес" автокөлігіне қатысты шағым түсті

3 178 просмотра

Павлодар облысының тұрғыны Николай Сергеев Қазақстан Ішкі істер министріне құқық қорғау органдарына тиесілі "елес" автокөлік туралы айтып, шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол өз шағымын Қалмұханбет Қасымовтың блогына қалдырды. 

"2014 жылдың 6 қарашасы күні Екібастұздағы Мәшһүр Жүсіп және Пішенбаев көшелерінің қиылысында менің автокөлігімдегі бейнетіркегішке патруль полициясының Volkswagen маркалы "елес" автокөлігі түсірілді. "Техбайқау" сайтынан тексерген кезде бұл автокөліктегі нөмірге Toyota Camry көлігі тіркелген болып шықты. Сөйтіп, "Жол қозғалысы туралы" заң бұзылған, бұл заңбұзушылық үшін 50 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Сонымен бірге, көпе-көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірі бар автокөлікті басқарғаны үшін жауапкершілік қарастырылады. Сізден бұл заңбұзушылықты талқылап, кінәлілерді жазалауды сұраймын", - деп жазды ол. 

ІІМ басшысы аталған мемлекеттік нөмірдің шынымен де Toyota Camry автокөлігіне берілгенін растады. "Volkswagen автокөлігінде аталған нөмірді қолдану дерегін анықтау үшін қызметтік тексеріс жүріп жатыр, оның нәтижесі қосымша хабарланатын болады", - делінген министрдің жауабында. 

Қасымовтың блогына "елес" автокөліктер жөнінде тағы бір шағым келіп түсті. Павлодар облысының тұрғыны өңірде патруль полициясының мемлекеттік нөмірі бар Daewoo-Nexia автокөлігі бар екенін жазады. "Техбайқау" сайтында тексерген кезде мынадай жауап алынды: "Көрсетілген өлшемдер бойынша ешқандай нәтиже табылмады", - дейді тұрғын. Қолданушы министрден бұл автокөлік бойынша тергеу жүргізуді сұрайды. "Ол көлікті полицейлердің атын жамылған қылмыскерлер мініп жүрген болуы мүмкін. Егер оны нағыз полицейлер мініп жүрген болса, онда жалған нөмір үшін жауапкершілікке тартуды сұраймын", - дейді ол. Бірақ Қасымов бұл мәліметті жоққа шығарды, оның айтуынша, Daewoo көлігінің мемлекеттік нөмірі өзінікі. 

Бұған дейін Алматыда "елес" автокөліктердің жүргені хабарланған еді. Ішкі істер департаментінен келген хатта қаладағы компаниялардың біріне тиесілі А376HK нөмірлі ақ түсті Daewoo Nexia жүргізушісінің Мұстафин көшесінде жылдамдықты асырғаны айтылған. Салынған айыппұл көлемі - 18 520 теңге. Бірақ көшедегі камералар түсіріп алған суретке ақ түсті машина емес, қара Lexus бейнеленген. Солай бола тұра, олардың нөмірлері бірдей. Қалалық ішкі істер департаменті Lexus-ке А376HK нөмірінің заңсыз қолданылғанын хабарлады.

Дереккөз: tengrinews.kz

4 желтоқсан 2014, 14:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.