РБК нұсқасы бойынша Қазақстан валютасы 2014 жылдың ең әлсіз әлем валюталарының қатарына кірді. Бұл тізімде теңге сегізінші орында тұр.
2014 жылдың қаңтарынан бері қазақстандық валюта 15 пайызға құнсызданған. Еске сала кетейік, биыл ақпанда болған бірсәттік девальвациядан кейін теңге де өз құнын күрт жоғалтты. Соңғы бірнеше күнде доллардың теңгеге бағамы біраз артты. Қазіргі бағам - 181,4 шамасында.
Әлемдегі ең әлсіз валюталардың көшін биыл гривна мен рубль бастап тұр. Қазір рубльдің өз құнын жоғалтып, тарихи антирекордты жаңартып келе жатқаны белгілі. Тек қараша айында ресейлік ішкі нарықта доллардың рубльге бағамы 24 пайызға артқан. РБК Quote рубль өзге әлемдік валюталармен салыстырғанда қандай күйде және рубль сынды құнын күрт жоғалтқан елдің азаматтары қаржылық айналымдары қандай екенін анықтамақшы.
Ресей валютасының құнсыздануы тек гривнадан ғана жоғары тұр. Жыл басынан бері рубль өз құнының 40 пайызын жоғалтқан, ал украин гривнасы - 46 пайыз.
Сайттың мәліметтері бойынша, қалған әлсіз валюталар көш басында тұрған бұлардан едәуір алшақ орналасқан. Ганалық седи мен аргентиналық песо рубль мен гривнадан кейінгі орындарда, олар жыл басынан бері 26 және 24 пайыз құнын жоғалтқан. Қалған әлсіз бестіктің ішінде жыл басынан бастап 19 пайыз құнын жоғалтқан сириялық фунт бар. Тағы бір айта кетер жайт, қазақстандық теңге қырғыздың сомынан да әлсіз деп танылған, себебі сом әлемнің ең әлсіз валюталары тізімінің тоғызыншы орнында тұр. Сом жыл басынан бері 14 пайыз, ал жарты жылда - 10 пайыз құнын жоғалтқан. Тізімнің ең төменгі орнында Малави квачасы тұр, ол өз құнының 12 пайызын жоғалтқан.
Дереккөз: tengrinews.kz