Атырау, 26 қараша 11:38
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

«Түсінікпен» өмір сүру тоқтамаса, жемқорлықпен күресудің мағынасы жоқ

2 208 просмотра

Егер қоғам сыбайлас жемқорлыққа төзімділік таныта беретін болса, онымен күресуге үндеген барлық іс-шаралар өз мағынасын жоғалтады, деді «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі Дариға Назарбаева.

«Қазіргі уақытта жемқорлықпен күрес» - сөзін барлық медиа ресурстардан жиі естиміз. Басылым беттерінде, конференцияларда дөңгелек үстел және жиналыстарда ең көп талқылайтын мәселеге айналды. Осыдан кейін, кейде біз осы немен күресіп жатырмыз деп ойлайсың. Онымен күресу керек екенін бәріміз түсінеміз, білеміз, бірақ ол бір «елес» секілді. Сондықтан, меніңше, жемқорлықпен күресті әркім өзінен бастауы керек», - деді Дариға Назарбаева «Нұр Отан» партиясы Қарағанды облыстық филиалының ХХ есепті-сайлау конференциясында.

«Бұл біздің өмірімізге еніп кетті. Біз бұл мәселеге әлі де «шыдамдылық» танытып, оған салғырттықпен қараймыз, қандайда проблема шыққанын қаламаймыз», - деді Мәжілістің вице-спикері.

Оның пікірінше, жемқорлыққа қарсы тұруды бала кезден үйрету керек.

«Мұның бәрін балаларымыз да көріп өсіп келеді. Біз жемқорлықпен күресуге қанша шақырсақ та, егер олар оны көріп өссе, бұл үндеулердің мағынасы жоқ. Шын мәнісінде, өте үлкен маңызды жұмыс - рухани-адамгершілік тәрбиесі, ол бүкіл мектеп бағдарламасында, тіпті балалар бақшасынан бастап қалыптасуы керек. Әр адам заңмен өмір сүріп, бұл мәселеге қатысты өз көзқарасын өзгертуі қажет, қалыптасқан «түсінікпен» өмір сүре бермей», - деді Д.Назарбаева.

Жемқорлықпен күрес туралы жаңа бағдарламаны вице-спикер «маңызды әрі, түзілген құжат» деп бағалады. «Қазір біз партияның орталық аппартымен бірлесіп, аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін бағытталған заң жобасына қатысты жұмыс жүргізіп жатырмыз», деп хабарлады «Нұр Отан» фракциясының жетекшісі.

Дереккөз: ҚазАқпарат

21 қараша 2014, 10:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.