Атырау, 26 қараша 11:23
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Бақыт Сәрсекбаев пәтер дауында «нокаут» алды

2 766 просмотра

Баспана бапкерде қалды! Атақты боксшы Бақыт Сәрсекбаев пен оның жеке жаттықтырушысының арасындағы пәтер дауына Жоғары сот соңғы нүкте қойды. Шыққан шешімге сай, Астанадағы 3 бөлмелі пәтер Кәрім Махмудовтың меншігінде қалуы тиіс. Сөйтіп туған нағашысымен соттасып күллі елге жаман аты шыққан Бейжің Олимпиадасының чемпионы біржола нокаут алды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

 Жылап жүріпәділдіктіЖоғары соттан тауып, пәтерін қайтарса да, Кәрім Махмудов көңілсіз. 10 жасынан баптап, бәйгеге қосқан шәкірті әрі туған жиен інісімен бір жылға созылған соттасудың шырғалаңынан жүрегі сыр бере бастапты. Абыройдан да жұрдай болдық дейді өзі.
«Бақыт әбден шаршатты. Жүректің дәрісін ішіп жатырмын. Ауру болдым. Алдап тоқтатса болар еді ғой. Тоқтамады ғой. Жоғарғы сотқа дейін апарды», - дейді Бақыт Сәрсекбаевтың бапкері Кәрім Махмұдов.
Атақты боксшы мен бапкер арасындағы дау жыл басында басталған. 2008 жылы Бақыт Сәрсекбаев Бейжің Олимпиадасынан алтынмен оралғанда, оған демушілер 4 пәтер тарту еткен. Чемпион сол үйлердің бірін, жаттықтырушысына алғыс ретінде берген екен. Кәрім Махмұдовқа, Астананың элиталық ауданындағы мына кешеннен 100 шаршы метрлік 3 бөлмелі пәтер бұйырады. Бірақ, 6 жыл өткен соң былғары қолғап шебері аяқ асты айнып қалып, қымбат сыйын қайтарып беруін талап еткен. Жиенін ұяту үшін, ағасы жұрттың көзінше, берген уәдесін жариялаға мәжбүр болады.
«Кәрім Рахманұлының 55 жасқа толған туған күніне жұбайымыз екеуміздің атынан пәтер сыйлаймыз. Кәрім Рахманұлы құттықтаймыз», - деген боксшы пәтерді өз қолымен сыйға тартқан кезінде.
Күллі елге масқарасы шыққан ұлын анасы да райынан қайтармақ болған.
«Күллі елге масқара болды. Қазақстанға ғана емес, Өзбекстанға да масқара болды. Бақытың ісіне барлығы күліп жүр. Ақылынан алжасқан сияқты», - дейді Бақыт Сәрсекбаевтың анасы Валентина Рахманова.
Сәрсекбаев ұятты ысырып қойып, ақыры нағасымен соттасуға бел буады. Процессте жеңіліс тапқанымен, кассациялық сотқа шағымданып ақыры пәтерін тартып алған. Алайда, Махмұдов Жоғарға сотқа дейін жетіп, баспанасын кері қайтарып алып отыр. Шала бүлінуінің себебін Олимпиада чемпионы бапкерінің Лондонға апарам деген сөзінде тұрмағанын айтады. Жиенінің бөл сөзін нағашысы өтірік дейді.
«18 жыл маған құлақ салған.Менің арқамда Олимпиада чемпионы болған.Енді өзгеріп кетті. Сол, базарда жүрген бір адам...», - дейді боксшы бапкері.
Төмен қараған нағашы әулиетін күллі елге мазақ қылған жиенінің әрекетін әлі ұмыта алмай жүр. Ал демеушілер берген 4 пәтердің бірін бала күнінен боксқа баулып, батыр қылған бапкеріне қимаған чемпионның өзімен байланыса алмадық. Бірақ Сәрсекбаевқа соңғы инстанция – яғни Жоғары соттың шешімін қалайда орындауына тура келеді.

Дереккөз: КТК

21 қараша 2014, 09:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.