Атырау, 26 қараша 11:51
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Швейцария президенті Дидье Буркхальтер Қазақстанға ресми сапармен келді

1 550 просмотра

Мемлекет басшысы Қазақстанға ресми сапармен келген Швейцария Конфедерациясының Президенті Дидье Буркхальтермен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

"Кездесу барысында екі мемлекеттің басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды нығайтудың негізгі мәселелерін талқылады. Сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар жөнінде пікір алмасылды", - делінген хабарламада.

Нұрсұлтан Назарбаев пен ЕҚЫҰ іс басындағы төрағасы болып отырған Дидье Буркхальтер Ұйым қызметінің маңызды тұстары туралы да сөз қозғады.

Мемлекет басшысы Швейцария Қазақстанның Еуропадағы маңызды экономикалық серіктесі екендігін атап өтті.

– Сіздің ел Қазақстанға 2005 жылдан бері 12 миллиард долларға жуық инвестиция салды. Мұнда елу шақты швейцариялық компания мен бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді. Қазақстан Халықаралық валюта қорының швейцариялық кіші тобына қатысады. Біздің елдеріміз сыртқы саясатпен қатар ішкі саяси мәселелер бойынша да тығыз ынтымақтасып келеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Швейцария Президенті өз кезегінде жылы шырайлы қабылдау үшін ризашылығын білдіріп, бұл оның Қазақстанға алғашқы сапары екенін айтты. Сондай-ақ Д.Буркхальтер екі елдің өзара қарым-қатынастары жоғары деңгейде екеніне назар аудара отырып, бірқатар перспективалы бағыттардың да бар екенін атап өтті.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

 
20 қараша 2014, 17:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.