AZATTYQ.ORG. «Ресейдің әскери жаттығуынан сақтану керек»- Ресей Қазақстанмен шекаралас Алтай аймағында стратегиялық зымыран күштерінің ауқымды командалық-штабтық жаттығуын өткізіп жатыр. Әскери сарапшы оның себептері жайлы болжамын айтты.
«Әзербайжан журналисі еліне оралғанда тұтқындалуы мүмкін» - Шетелде жүрген Әзербайжанның белгілі журналисі Хадиджа Исмаилова «елге оралсаң, тұтқындаласың» деген ескерту алған. Оның айтуынша, Әзербайжанда азаматтық қоғам өкілдеріне қысым күшейген.
«Қазақстанда Орталық Азия сайттары ашылмайды» - Орталық Азия жаңалықтарын қамтитын вебпорталдардың бірі "Сайрамдағы жанжалдан" кейін Қазақстан тарапынан бұғатталғанын айтады. Елдегі ұлттық интернет провайдер бұл мәліметті терістейді.
«Путин белгілі бандитке қымбат сағат сыйлады ма?» - Ресейдегі атышулы қылмыстық топ жетекшілерінің бірі саналатын Сергей Михайлов «Президент маған өз қолымен қымбат сағат сыйлады» деп мәлімдеді. Кремль бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр.
ALASHAINASY.KZ. «Ресей рублінің девальвациясы теңгені теңселте ала ма?» - Соңғы күндері рублдің рекордтық көрсеткішпен құлдырауын Ресей билігі халықаралық нарықтағы мұнай бағасының төмендеуімен түсіндіреді. Алайда "Алаш айнасы" сұрастырған отандық сарапшылар бұл, негізінен, АҚШ пен Еуропалық одақтың Ресейге қарсы сілтеген санкциясының, сондай-ақ елде кең етек алған сыбайлас жемқорлықтың салдары екенін айтады.
«Сенатор қандастарымызға азаматтықты 3 айда беруді сұрайды» - Үкіметте оралмандар мәселесіне тікелей қатысты «Халықтың көші-қоны туралы» заңнамаға өзгеріс енгізу қаралып жатқаны белгілі. Былайша, айтсақ, атқарушы билік бұрын жіберген қателігін қайта түзетуге қамдану үстіде. Осыны ескерген сенатор Мұрат Бақтиярұлы Үкіметке құлаққағыс жасап, Қытайдағы қандастар мәселесін кезекті рет көтерді.
«Жылжымайтын мүлікті сақтандыруға дайынбыз ба?» - ҚР Статистика комитетінің есебі бойынша еліміздегі жеңіл автокөліктер саны қазір 3 млн 700 мыңға жуық. «Айта бергенмен не пайда?» дей көрмеңіздер, үкіметтің жеке меншіктегі бұл мүлікті сақтандыруды міндеттеп қойғандарына наразы емес жүргізуші жоқ шығар, сірә...
«Пайдасы тисе Ди Каприоны "ЭКСПО"-ға неге шақырмасқа?» - Алдағы үш жылда «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге бюджеттен 435 млрд. теңге бөлінеді. Осының өзі-ақ халықаралық айтулы шараның маңыздылығын білдірсе керек. Дегенмен, мәселе жұмсалған қаражатта емес, оның қайтарымы мен тиімділігін арттыруда болып отыр.
«Елдегі ең ірі банктердің иелері кімдер?» - Forbes.kz сайты Қазақстандағы ең ірі 20 банктің акционерлерінің тізімін жариялады. Барлық ақпараттар KASE сайты, ҚР Қаржы министрлігінің қаржылық есеп депозитарийі, екінші деңгейлі банктердің қаржылық есебі, банктердің корпоративті сайттары сияқты ашық дереккөздерден алынған.
AIKYN.KZ. «Біреуі бастайды, біреуі тастайды немесе «А» корпусы ауада қала ма?» - Су жаңа агенттіктің төрағасы Қайрат Қожамжаров осыған дейінгі Әлихан Бәйменовтің жасаған жұмысын жоққа шығарғандай болды.
«Қайтсек ұтылмаймыз?» - «Украина дағдарысына» байланысты әлемдік экономика «шегіністі» бастап кетті. Бұл жайлы Халықаралық валюта қорының сарапшылары да мойындауға мәжбүр болды.
ABAI.KZ. «Украина: парламенттік сайлау саяси бағытты өзгерте ме?» - Украинада кезекті саяси науқан басталды. Парламенттік сайлау ішкі саясаттағы ең маңызды сауал: «Украина қайда барады?» деген сауалға жауап беруге тиіс. Бұл сайлау түрлі саяси партиялардың арасындағы бәсекелестік тудырғанымен, бұрынғыдай саясаттың этникалық элементінен айрылғандығы айқындалды. Бір шындық айқын секілді, Украина ешқашан Ресеймен одақтастыққа бармайды. Себептерін таратып көрейік.
«Желіде желіккеннің жаласынан сақтасын!» - Қоғам өміріне дендеп еніп, ықпалды күштердің біріне айналған әлеуметтік желі, Интернет порталдар мен блог парақшалардың рөлі барған сайын артып келеді. Оның жақсы жақтары көп. Менің айтайын дегенім, кейде жазықсыз жандарды шырылдатып, пәле жабатын тұстары да қылаң беріп жатыр. Оны бүкіл қоғам болып айыптап дер кезінде жөнге салып отырмасақ талай адамды ыңғайсыз жағдайға қалдыратын түрі бар.
В Атырау +4