Атырау, 26 қараша 03:35
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Петр Порошенко Қазақстанды қауіпсіздігін нығайтуға шақырды

1 310 просмотра

Украина президенті Петр Порошенко Қазақстанды елінің қауіпсіздігін нығайтуға шақырды. Бұл туралы ол Киевтегі баспасөз мәслихатында Tengrinews.kz тілшісі қойған сауалға берген жауабында мәлімдеді.

"Сіз 23 жыл бойғы тәуелсіздіктен соң биыл территориясының бір бөлігін "жоғалтқан" мемлекеттің президентісіз. Сондықтан, басқа мемлекеттерге, соның ішінде Қазақстанға да осыған ұқсас жағдай қайталанбас үшін қандай кеңес бересіз" - деп Петр Порошенкодан сұрадық.

Оның пікірінше, Қазақстан мен Беларусьтің қауіпсіздігіне қауіп төніп тұр. "Мен соңғы кездері қылаң берген барлық қауіп-қатерге дұрыс жауап қату үшін сенімді, берік қауіпсіздік тетіктерін құру бүгін барлығымыздың, сонымен қатар Қазақстан және Беларусь халқының алдында тұрған міндет деп санаймын. Мен ҰҚШҰ (ОДКБ) тетіктері бұл тәуекелдер мен қатерге жақсылап тойтарыс бере алмайтындығына аса сенімдімін", - деп жауап берді Петр Порошенко.

Сондай-ақ, президентке Ресеймен ықпалдастығын есепке алуда Қазақстан мен Беларусьқа қатысты экономикалық санкциялар қолданылуы мүмкін бе деген сауал да қойылды. "Мен Қазақстан мен Беларусь тараптарының Украина саясаты мен алған бағытына қатысты берік позициясына, тәуелсіздігіміз бен территориялық тұтастығымызды сыйлағаны үшін шексіз алғысымды білдіремін" - деп жауап қатты бұл сауалға Петр Порошенко.

Дереккөз: tengrinews.kz

26 қыркүйек 2014, 09:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.