Атырау, 26 қараша 03:41
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Украина Мұхтар Әблязов ісі бойынша Ресейге көмектесуден бас тартты

2 236 просмотра

Украина БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтің ісіне қатысты Ресейге көмектеспейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Киевтегі баспасөз мәслихатында Украина президенті Петр Порошенко мәлім етті. Қазір Франция түрмесінде отырған Мұхтар Әблязов Ресейге немесе Украинаға экстрадициялануы мүмкін.

Баспасөз мәслихаты кезінде бір тілші мынандай сауал қойды: " Францияда Әблязов ісі бойынша болып жатқан сотта Украина басқыншы мемлекет - Ресеймен әріптестік жасай ала ма?"

Өз кезегінде Порошенко Ресеймен ешқандай әріптестік болмайтынын кесіп айтты. "Украинаның бас прокуратурасы жалғыз нәрсені, яғни Украина территориясында украин заңнамасын бұзған қылмысты, Украинаға, яғни мемлекетке, сонымен қатар жекелей азаматтарға, жеке және заңды тұлғалаларға келтірілген шығындарды ғана негізге алады. Тағы да ерекше айта кетейін, бұл мәселеде Ресеймен қандай да бір әріптестік болмайды", - деп жауап берді Порошенко.

Еске сала кетелік, Мұхтар Әблязовқа Қазақстан, сонымен қатар Ресей мен Украина да іздеу жариялаған. Оған алты миллиардтан астам долларды жымқырды деген айып тағылып отыр. 2013 жылдың шілдесінде бұрынғы банкир Францияда құрықталды. Бірінші инстанциядағы сот Мұхтар Әблязовты Ресейге өткізіп бермекші болған, алайда экстрадициялау ісі алғашқы сот процесінде заң бұзушылықтардың анықталуына байланысты қайтадан қарауға жіберілген.

Дереккөз: tengrinews.kz

26 қыркүйек 2014, 08:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.