"Бүгін апат болған аймақта СУ-27 ұшағының екі борттық тіркеуіші табылды. Біреу ұшу параметрлерін, яғни ұшақ жүйесінің техникалық жағдайын бақылайды. Ал, екіншісі ұшқыштардың сөздерін таспаға басады" делінген министрлік таратқан хабарламада.
Естеріңізге салайық, 23 қыркүйек күні кешкі сағат сегіздер шамасында Алматы облысында оқу-жаттығу ұшырылымына шыққан СУ-27 әскери ұшағы апатқа ұшырап, экипаждың екі мүшесі де қаза тапқан болатын.
Дереккөз: Baq.kz