Қазкоммерцбанк өзінің жеке банкоматтар және POS-терминалдар желісінде халықаралық UnionPay International (ертедегі China UnionPay) төлем жүйесінің карталарын қабылдай бастады, ал 2015 жылдың басында карталарды шығаруды жоспарлауда, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
Бұл туралы келісім UnionPay International директорлар Кеңесінің мүшесі және бас директоры Цай Цзяньбо (Mr. Cia Jianbo) мырзаның Қазкоммерцбанктің басқарушы директорлары Мағжан Әуезов, Нұрлан Жағыпаровтың кездесулерінің барысында іс-жүзіне асты.
«Біз, Қазкоммерцбанктің біздің төлем жүйесіне қосылғанына қуаныштымыз. Бұл өз кезегінде, әлем бойынша және ҚХР-да банк клиенттеріне ыңғайлы қызмет көрсету мүмкіндіктерінің аясын кеңейтеді,» - деді кездесу барысында Цзянбо мырза.
Ертеде, яғни 2014 жылдың басында Қазкоммерцбанк бұл төлем жүйесінің принициптік мүшесінің дәрежесін алған болатын. Мұның өзі банкке өзінің жеке банкоматтар мен POS-терминалдар желісінде UnionPay International карталарын қабылдау және қызмет көрсету бойынша алдын-ала техникалық және бағдарламалық жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік берді. Қазкоммерцбанк Қазақстан Республикасында UnionPay International төлем жүйесінің карталарына қызмет көрсететін екінші банк болмақ.
Қазкоммерцбанктің UnionPay International карталарын шығаруы келесі жылдың басында жоспарланған – жұмыстарды жүргізуге тиісті техникалық сертификаттар мен рұқсаттар алынған. Болашақта UnionPay International төлем жүйесі Қазкоммерцбанктің ePay жеке интернет-эквайрингіне қосылады.
Қытай елінің серіктестерімен кездесуі барысында Жағыпаров мырза: «Бұл күндері UnionPay карталарына әлем бойынша ең ірі мейманханаларында, мейрамханаларында, дүкендерде, зергерлік дүкендер мен банкоматтарында қызмет көрсетіледі. Және қазіргі күні ол әлем бойынша ең ірі төлем жүйесі болып табылады. UnionPay International төлем жүйесімен серіктестік біз үшін де, біздің клиенттеріміз үшін де бір төлем жүйесіне тәуелді болмауына мүмкіндік береді», - деп атап өтті.
Қазақстан мен Қытай арасындағы сыртқы сауда қарым-қатынасының дамуында Қазкоммерцбанк пен UnionPay International серіктесітігі жергілікті сауда және қызмет көрсету кәсіпкерлеріне ҚХР банктері шығарған немесе басқа елдердің қытай төлем жүйесі карталарының ұстаушыларына қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Қазкоммерцбанк пен БТА Банкінің бірігуі қазақстандықтар үшін UnionPay International карталары қолданылуының аясын кеңейтеді және әмбебап банктің бәсекеге қабілеттілігін арттыра түседі.