Атырау, 26 қараша 03:49
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қазақстандық бапкер спорттық режимді бұзғаны үшін Азиададан қайтарылды

1 787 просмотра

Қазақстан Республикасының ушудан мемлекеттік бапкері Медет Әбжанов Қазақстанға XVII жазғы Азиада ойындарының олимпиадалық ауылынан спорттық режим мен осы ауылда тұру ережелерін бұзғаны үшін қайтарылды, деп хабарлады Sports.kz  сайты Штаттық ұлттық командалар мен спорттық резерв дирекциясына сілтеме жасап. 

БАҚ-тардың хабарлауынша, Әбжанов Қазақстанға ШҰК және СР дирекциясының директоры К.М.Жанпейісовтің бұйрығымен қайтарылған.  

«Осыған дейін Қазақстанның бірқатар БАҚ-тарында Әбжановтың тарапынан волонтер қызға тиісу әрекеттері орын алған деп хабар тараған болатын. Осыған байланысты тергеу жүргізіліп жатыр. Алайда Ойындарды ұйымдастыру комитетінің тарапынан Қазақстанның ресми делегациясы мен Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетіне  жазбаша арыздар түскен жоқ», - деп келтіреді сайт баспасөз қызметін. 

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

 

25 қыркүйек 2014, 16:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.