Атырау, 26 қараша 03:21
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қазақстанның шекара қызметінің басшысы жекелеген құрылымдық бөлімдерде аяқ астынан тексеріс жүргізді

6 777 просмотра

© Қазақстанның ҰҚК Шекара қызметі.© Қазақстанның ҰҚК Шекара қызметі.АСТАНА,  25 қыр –Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры генерал-лейтенант Нұрлан Жоламанов теңіз жағалауында, Ақтау маңында, Каспий және Арал теңіздерінің аралығында орналасқан шекара отрядытарының мемлекеттік шекараны күзетудегі әскери-жауынгерлік тыныс-тіршілігін тексеріп қайтты деп хабарлайды шекара ведомствосының баспасөз қызметі.

Хабарламада атап көрсетілгендей, сонымен қатар шекара бойымен барлау-бақылау жұмыстары да іске асырылып, Түркменстан мен Өзбекстан арасындағы шекаралық белгілердің саны мен сапасы тексерілді.

«Техникалық бақылау бекеттері, олардың техникалық жағынан жабдықталуы, жеке құрамның әскери дайындығы және тұрмыстық қызметтерінің ұйымдастырылуы көзден таса қалмады. Кейбір бөлімшелерге кездейсоқ, күтпеген тексерулер ұйымдастырылды, оның барысында анықталған кемшіліктерді тез арада түзетуге нұсқаулар берілді»,-делінген хабарламада.

«Бейнеу» және «Үстірт» шекара заставаларының әскери қалашықтарының құрылысы тексерілді.

Шекара қызметінің директоры мемлекеттік шекараны күзету ісіне ерекше көңіл бөлінетіндігін айтты. Оның ішінде, климаттық жағдайы жайсыз болып келетін өңірдегі әскери қызметшілердің, сарбаздар мен офицерлердің тұрмыстық-әлеуметтік жағдайын жасау кезек күттірмейтін мәселелердің қатарында бола бермек. Генерал заставалардағы әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен де кездесіп, олардың әлеуметтік мәселелерімен танысты.

Республикамыздың батысындағы шекараны нығайту бойынша Шекара қызметінің директоры бөлім командирлеріне нақтылай тапсырма берді.

««Төлеп», «Фетисов» шекара заставаларындағы жағдайды ведомство басшысы жақсы жағынан атап өтті, ал «Құланды» заставасы үлгілі застава деген атақ алды»,-деп атап көрсетілген хабарламада.

Міндеттерін адал орындап, Мемлекеттік шекараны қорғауда қол жеткізген табыстары және үлгілі қызметтері үшін үздік заставалардың басшылары мен әскери қызметшілері грамоталармен наградталып, оларға алғыс хаттар табысталды.

«Оның ішінде шұғыл қызметтегі 10 жауынгер ҚР ҰҚК Шекара қызметінің символикасы бейнеленген бағалы зат – қолсағаттармен наградталды, ал отбасын құрып үлгерген «Төлеп» заставасының атқыштар бөлімшесінің командирі, ефрейтор И. Қураевқа қысқа мерзімді демалыс берілді»,-деп қорытындыланған хабарламада. 

Дереккөз: newskaz.kz

25 қыркүйек 2014, 11:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.