«Wheels Brothers» мотоклубы мен «Drive – Atyrau» автоқоғамы қайтарымсыз қан тапсыру акциясын өткізді.
Акция 29 тамызда өтті. Байкерлер мен жүргізушілер акцияға60-тан астам адамды тартты.
– Өкінішке орай, олардың қырықтан астамы қан тапсыру процедурасынан өте алмады, - дейді Атырау облыстық Қан орталығы донорлық бөлімшесінің меңгерушісі Бибігүл ДӘУЛЕТОВА.
– Оларды медициналық көрсетілімдер бойынша қабылдау мүмкін болмады. Алайда, процедурадан өткен олардың 28-і 450 миллилитрден қан тапсырып шықты. 4 айдан кейін оларға біздің Орталыққа тағы да келу керек болады. Бұл донорлық қанды тексеру үшін жасалады. Өйткені, вирустардың көпшілігі үшін бұл - инкубациялық кезең. Осы 5 миллилитр қан қайта тапсырылмаса, біз қанға мұқтаж адамдарға көмектесе алмаймыз. Ереже осындай.
– Донор қайтадан анализ тапсыруға келмеген жағдайда алынған қанды жою жиі орын алып тұра ма?
– Өте жиі болып тұрады. Әдетте, біз донорларға келу қажеттігі туралы әлденеше рет хабардар етеміз, бірақ бәрі бірдей келе бермейді. Тапсырылғаннан кейін бір жылдан соң оны жоямыз.
Анастасия ПАСТУХОВА