Атырау, 27 қараша 14:50
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Маса шақпасын деп...

3 855 просмотра

Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастық форумына дайындық аясында облыстық билік республикалық бюджеттен миллиардтаған траншқа ие болды. Осы бюджет қаражаты қалай және не алу үшін пайдаланылып жатыр?

Атырау өзінің жаңа тарихында президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТАН басқа жоғары державалық тұлғаларды қарсы алып көрген жоқ. Бұл, кейін анықталғандай, қарсы алушы қалаға да бірқатар талаптар қояды екен. Сонымен, болғалы жатқан форум қонақтары не көреді? Халықаралық мәртебесі, алдында мемлекет қаржысымен жаңаланған және әрленген жеке меншік аумағы бар шағын әуежайдан кортеждер қалаға екі жағында жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай бой көтерген қонақ үйлер мен тұрғын үй кешендері бар кең тас жол арқылы кіреді. Мемлекетаралық іс-шараның ұйымдастырушысы олардың иелерін де осы салтанатқа сай болуды «міндеттеді». Құрылыс нысандарында әзірге тек ғимарат қорабын көтеру жұмыстары жүріп жатса да, меншік иелерінен құрылысты жобадағы сыртқы бейнесіне сәйкестендіруді сұраған. Олар құрылыс барысында ең соңғы болып жасалатын жұмыстарға бар күштері мен қаржыларын төгуде.

Әрі қарай қонақтарға сол жаққа қарауды өтінеміз: ол кезге дейін Салтанат сарайы мен Көрме орталығы өздерінің қонақжай есіктерін айқара ашатын болады. Біздің өтінішіміз бойынша облыстық әкімдік осы екі нысан бойынша ақпараттарды ұсынды.

Сарайдың құны – 1,9 млрд теңге, құрылыс салушы – «БатысАльянсСтрой» ЖШС (директоры Әділ ЖҰБАНОВ). Кешен азаматтардың азаматтық жағдайларын тіркеу орынжайынан, салтанатты неке қию залынан, келіссөздер залы, мейрамхана, 300қонаққа дейін сыятын түскі ас ішу залы, банкет залы, түскі ас ішетін VIP-залдан тұрады. Ауданы – 5,4 мыңшаршы метр.

Көрме залы жобасының құны – 1 млрдтеңге. Орындаушы - ABS Modular Limited ЖШС (директоры Руслан КОЛОМИЕЦ). Ауданы 2,5 мыңшаршы метрлік көрме залының сыйымдылығы – 1 000адам. Екі деңгейлік орталық ғимаратында шағын конференц-зал, кафетерий, қоймалар, кеңселер қарастырылған. Орталықтың «заманауи техникалық деңгейдегі» көрмелерді қабылдауға мүмкіндігі бар, залы, сондай-ақ, ірі көлемді және ауыр салмақты көрме экспонаттарын көрсетуге де есептелген.

Екі нысанды да 15 қыркүйекте ашу жоспарлануда.

Сонымен қатар, облыстық әкімдік баспасөз қызметі қала жолдарын жөндеу және жаңалау бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары, қала көшелерін жарықтандыру мен көгалдандыру жүріп жатқанын хабарлады. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының жалпы ауданы 238 мыңшаршы метр. Сомасын нақтылаған жоқ.

Форумға дайындық жұмыстары аясында қала әкімі аппараты тапсырыс берген облыс әкімінің Сорочинка демалыс аймағындағы (Махамбет ауданы Аққайың ауылы) резиденциясында дезинсекциялық жұмыстар жүргізу туралы да айтылмады. Алайда осы шараға байланысты жасалғаны анық. Маусым айының аяғында мемлекеттік сатып алу сайтында жалпы сомасы 10,7 млнтеңге тұратын «Атырау қаласындағы әкімшілік ғимараттарды масадан дезинсекциялау қызметтері» лоты жарияланған болатын. Ал шілде айының басында 6,5 млнтеңгемен жеңіске жеткен конкурс жеңімпазы – ақтөбелік «Здоровое поколение» компаниясы Сорочинканы масалардан улауды бастап кеткен. Шарт қыркүйектің аяғына дейін үш айға жасалды.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

28 тамыз 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.