Атырау, 25 қараша 22:41
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Сараптама Баймағанбетовты ұрып-соғу дерегін растамады, деп мәлімдеді Қарағанды облыстық прокуратурасынан

1 896 просмотра

Фото: NUR.KZФото: NUR.KZАлматы. 27 тамыз. ҚазТАГ – Сот-медициналық сараптама ҚР кедендік бақылау комитетінің экс-төрағасы Серік Баймағанбетовты ұрып-соғу дерегін растамады, деп хабарлады Қарағанды облыстық прокуратурасы арнайы прокурорлар басқармасының басшысы Мұхамедкәрім Бектұрсынов.

«(БАҚ – ҚазТАГ) жариялымында баяндалған С.Н. Баймағанбетовтың бас ми шайқалуын, көптеген дақ-жарақат алу дерегі де шындыққа жанаспайды, себебі сот-медициналық сараптама онда бар қандай да бір дене жарақатын анықтаған жоқ», - деп хабарлады М. Бектұрсынов сәрсенбіде.

Әйткенмен, оның айтуынша, ҚР ҚК 307 «өкілеттік лауазымын асыра пайдаланушылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған және Қарағанды облыстық арнайы прокурорлар басқармасы тарапынан тергелуде.

«Іс С.Н. Баймағанбетовтың түсініктемелерінде мазмұндалған 2013 жылдың қарашасы мен сол жылдың сәуір айында орын алған екі дерек бойынша тергелуде. Мәлімет үшін С.Н. Баймағанбетовтың қылмыстық-атқарушылық жүйе қызметкерлерінің құқыққа қарама-қайшы іс-әрекеттері туралы барлық дәлелдерін толық, көпжақты және объективті түрде тексеру мақсатында қылмыстық істі прокуратура қозғағанын хабарлаймын. Қазіргі таңда арнайы прокурорлар тергеу жүргізуде», - деп атап өтті М. Бектұрсынов.

Бұған дейін БАҚ-та хабарланғандай, С. Баймағанбетовке Қарағанды облысы АК-159/6 абақтысының аумағында бас ми шайқалуы, көптеген дақ-жарақат түріндегі дене жарақаттары келтірілген болатын.

Еске сала кетейік, ҚР қаржы министрлігі кедендік бақылау комитетінің бұрынғы төрағасы Серік Баймағанбетов мерзімін Қарағанды облысындағы құқыққорғау органдарының бұрынғы қызметкерлеріне арналған абақтыда өтеп жатыр.

С. Баймағанбетов «облыстық кеден департаменттерінің біріне басшы орынбасары лауазымына тағайындау мен жалпы болысушылық» үшін $80 мың пара алды деп айыпталған. 2012 жылдың 3 ақпанында С. Баймағанбетов ұсталып, Астана ІІД УҚА-ға тоғытылды, 5 ақпанда сот санкциясымен қамауға алынды. 2013 жылдың қаңтарында ол жазасын қатаң тәртіптегі абақтыда өтеумен бірге 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Қосымша жаза ретінде оған 7 жылға дейінгі мерзімде мемқызметте лауазым атқаруға тыйым салынды.

С. Баймағанбетов 2012 жылдың ақпан басында ҚКБ төрағасы лауазымынан босатылған еді. Бұл міндетті ол 2011 жылдың мамырынан бері атқарған. Оған дейін Қазақстан сыртқы істер министрі, ҚР президент әкімшілігінде құқыққорғау және сот жүйесі мәселелері бөлімінің меңгерушісі, экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемагенттігінің төрағасы болды. 

Дереккөз: ҚазТАГ

27 тамыз 2014, 13:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.