Алматы халықаралық әуежайы. (Көрнекі сурет).26 тамыз күні Алматы әуежайында Ыстықкөлден ұшып келген "Cessna-208" шағын ұшағы апатты жағдайда қонды деп хабарлайды жергілікті ақпарат құралдары.
"Sky Service" компаниясына қарасты шағын ұшақтың не себепті апатты жағдайда қонғаны әзірше белгісіз. Төтенше оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Қазір төтенше оқиа себебін арнайы комиссия анықтап жатыр.
Төтенше оқиға кезінде Алматы әуежайы өзіне ұшып келетін ұшақтарды қабылдай алмай, Бішкек әуежайына бағыттаған.
Дереккөз: azattyq.org