Фото Петра Порошенконың Twitter-інен алынды Астана. 26 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Минскіде Украина президенті Петр Порошенкомен кездесу өткізді, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
«Бүгін Ресей үшін де, Украина үшін де сын сағаты туып отыр, себебі қантөгістің жалғаса беруі мүмкін емес», - деген Н. Назарбаев дәйексөздерін келтіреді бейсенбі күні баспасөз қызметі Twitter-аккаунтында.
Еске сала кетейік, Н. Назарбаев жұмыс сапарымен Беларуське келіп жетті, онда ол Кеден одағы елдері көшбасшыларының, Украина және Еуропалық Одақ төрағасы орынбасарының кездесуіне қатысады. Сондай-ақ бірқатар екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған.
Дереккөз: ҚазТАГ