Фото: academfinpol.kzАстана. 26 тамыз. ҚазТАГ – «Қаржы полициясының академиясы» мемлекеттік мекемесі өзінің таратылғаны туралы жариялады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
«Қаржы полициясы академиясы» мемлекеттік мекемесі, БСН № 980640001418, өзінің таратылғаны туралы жариялайды, кредиторлардың шағымдары мен талаптары осы хабарландыру жарияланған күннен бастап екі айдан кешіктірілмей келесі мекенжайда қаралады: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Кощи ауылы, Республика көшесі, 16», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Бұл ретте білім беру мекемесінің ары қарайғы болашағы туралы ештеме айтылмаған.
Жаңадан құрылған мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіндегі дерек көзінің ақпарынша «Қаржы полициясы академиясы» мемлекеттік мекемесі ҚР президенті жанындағы мемлекеттік басқарманың академия құрылымына жаңа статуспен кіруі мүмкін. Сонымен қатар оны жаңа мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің құрылымында қалдыру нұсқалары да қарастырылып жатыр.
Еске салсақ, ҚР президентінің жарлығымен 6 тамызда экономикалық қылмыс және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің өкілеттіктері жаңадан құрылған мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес істері жөніндегі агенттікке берілген.
Қаржы полициясының академиясы 1999 жылы 18 тамызда ҚР үкіметінің №1184 қаулысымен құрылған. 2013-2014 оқу жылында академияда қаржы полициясының 479 тыңдаушысы, 22 магистранты және 8 докторанты оқыған.
Дереккөз: ҚазТАГ