Фото: Қазақстан жаңалықтары АА.АСТАНА, 26 там – Қазақстан жаңалықтары АА. Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы Ұлыбритания азаматы Питер Борухқа қатысты бірінші сатыдағы соттың үкімін күшінде қалдырды деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.
«Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен Батыс Қазақстан облысының жасы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының Ұлыбритания азаматы П.Борухты жеткіншектерді азғырғаны үшін айыптаған үкімі өзгеріссіз, ал сотталушы мен оның қорғаушысының шағымы өзгеріссіз қалдырылды»,-делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінен атап көрсеткендей, бұдан бұрын Батыс Қазақстан облысының жасы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының Ұлыбритания азаматы Борух Питер Даниэль Альфредті Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 273, 273 – 1 баптарының 3 тармағының «б», 124 баптың 3 бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін айыпты деп тауып, оны 8 жыл бас бостандығынан айырып, жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеуді белгілеген болатын.
Облыстық соттың апелляциялық сот алқасының қаулысы жарияланған сәттен бастап күшіне енді.
Дереккөз: newskaz.kz