Атырау, 24 желтоқсан 07:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Барлық жаңалық

АҚШ Ресейді ЕҚЫҰ бақылаушысының қазасын тергеуге ықпал етуге шақырды Әлемде

АҚШ Ресейді ЕҚЫҰ бақылаушысының қазасын тергеуге ықпал етуге шақырды

АҚШ мемлекеттік департаменті Украинаның сепаратистер бақылайтын ауданында халықаралық бақылаушы қызметін атқарып жүрген америкалық азаматтың қаза тапқаны туралы хабарға "күйзелгенін" мәлімдеп, Ресейді оқиғаның мұқият тексерілуіне ықпал етуге шақырды. ЕҚЫҰ 23 сәуірде арнайы бақылау жасау миссиясының көлігі сепаратистер бақылауындағы ауданда минаға түсіп қалып, бір қызметкері қаза тауып, екеуі жараланғанын мәлімдеген. 24 сәуір 2017, 10:47 2 606 рет қаралды
Биыл Қарулы күштерге әскери кафедралардың түлектері жаппай шақыртылады Қазақстанда

Биыл Қарулы күштерге әскери кафедралардың түлектері жаппай шақыртылады

Биыл университеттер жанындағы әскери кафедраларда білім алған түлектер Қарулы күштер қатарына шақыртылады. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов мәлім етті, деп  хабарлайды ҚазАқпарат.  24 сәуір 2017, 10:41 7 197 рет қаралды
"Қорғас" ШЫХО экс-президенті Василий Ни қылмыстық жауапкершіліктен босатылды  Қазақстанда

"Қорғас" ШЫХО экс-президенті Василий Ни қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

Осыған дейін миллион доллар пара алған жерінен ұсталған "Қорғас" ШЫХО бұрынғы президенті Василий Ни қылмыстық жауапкершіліктен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  24 сәуір 2017, 10:20 2 351 рет қаралды
Пхеньян: АҚШ-тың авиа тасымалдағышын суға батыруға дайынбыз Әлемде

Пхеньян: АҚШ-тың авиа тасымалдағышын суға батыруға дайынбыз

Солтүстік Корея Тынық мұхитының батысында жапониялық эсминецтермен бірге әскери жаттығу өткізуге дайындалып жатқан америкалық авиа тасымалдаушы кемені суға батырып жіберетінін мәлімдеп, доқ көрсетті. Мәлімдеме іс басындағы Жұмысшы пратиясының "Родонг Синмун" басылымында жарияланған комментарийде жасалды. "Біздің революциялық күштеріміміз АҚШ авиа тасымалдағышын бір ғана соққымен суға батыру үшін әскери дайындық жағдайында тұр" делінген комментарийде. 24 сәуір 2017, 10:05 1 855 рет қаралды
ДАИШ жетекшісінің ең жақын адамы Ә.Өзбеки өлтірілді Әлемде

ДАИШ жетекшісінің ең жақын адамы Ә.Өзбеки өлтірілді

Америкалық әскер Өзбекстан тумасы делінетін Әбдірахман Өзбеки қайтыс болғанын хабарлады. Ол "Ислам мемлекеті" террористік ұйымының жетекшісі Әбу Бәкір әл-Бағдадидің ең сенімді адамы ретінде белгілі. 24 сәуір 2017, 10:01 2 740 рет қаралды
Су тасқынына байланысты үш өңірде қозғалысқа шектеу енгізілді  Қазақстанда

Су тасқынына байланысты үш өңірде қозғалысқа шектеу енгізілді

Солтүстік Қазақстан облысы, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстарында су тасқыны жағдайына байланысты автокөлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметі.  24 сәуір 2017, 09:57 2 060 рет қаралды
"Алматы Марафоны" жеңімпаздары анықталды  Қазақстанда

"Алматы Марафоны" жеңімпаздары анықталды

Алтыншы рет өткізілген "Алматы Марафон" шарасы өз мәресіне жетті. 10, 21, 42 шақырымға жүгіргендер арасында бірінші болып келгендердің және "Экиден" эстафетасының (42 километра 195 метров) жеңімпаздары анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 24 сәуір 2017, 09:43 1 941 рет қаралды
Әлемде

Франция президенті сайлауында Макрон мен Ле Пен алға шықты

Франциядағы президент сайлауында берілген дауысты санау аяқталып қалды. Соңғы мәліметтер бойынша, центрист Эммануэль Макрон мен әсіре оңшыл Марин Ле Пен сайлаудың 7 мамырға белгіленген екінші кезеңіне өтіп тұр. Қазірге дейін бюллетендердің 99 пайызы саналды. Алдын ала мәліметтер бойынша, 23 сәуірде өткен сайлауда Макрон 23,82 пайыз, Ле Пен 21,57 пайыз дауыс жинады. Бұл нәтиже сайлау алдында жасалған болжаммен сәйкес келіп тұр. Президенттіктен өзге де үміткерлер - бұрынғы премьер-министр, консерватор Франсуа Фийон 19,95 пайыз, әсіре солшыл Жан-Люк Меланшон 19,95 пайыз дауыс жинады. 24 сәуір 2017, 09:41 1 803 рет қаралды
Хабаровскіде ФСБ кеңсесіне шабуыл жасалып, екі адам оққа ұшты Әлемде

Хабаровскіде ФСБ кеңсесіне шабуыл жасалып, екі адам оққа ұшты

Ресейдің Қиыр Шығысындағы Хабаровск қаласында Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) жергілікті басқармасының қабылдауына шабуыл жасалды деп хабарлады Азаттықтың Орыс редакциясы.  21 сәуір 2017, 15:26 2 144 рет қаралды
Парижде терактіге қатысы бар күдікті полицияға өзі келді  Әлемде

Парижде терактіге қатысы бар күдікті полицияға өзі келді

Бельгия билігі Парждегі Елисей алаңында теракт ұйымдастыруға қатысы бар делінген күдікті Бельгияның Антверпен қаласындағы полиция бөлімшесіне өзі келді, - деп абарлайды РИА Новости "Франс Пресс" агенттігіне сілтеме жасап. 21 сәуір 2017, 15:21 2 555 рет қаралды
Назарбаев Астананың ескі үйлерін сынға алды Қазақстанда

Назарбаев Астананың ескі үйлерін сынға алды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астананың орталығында "қала көркін бұзатын" ескі үйлердің әлі де қалғанына ашуланды. Маусымда өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық мәселелеріне арналған жиында Назарбаев "Астана Арена" стадионына жақын маңда орналасқан бір қабатты үйлердің суреттерін көрсетті. Президент жиынға қатысып отырған қала әкімі Әсет Исекешевке қарата "Біз не туралы айтып отырмыз? Бұл жерге туристер келеді, суретке түседі, бүкіл әлемге көрсетеді. Бетін жуып-шайғансыңдар, ал арты жыртық. Көр" деді. 21 сәуір 2017, 14:27 3 461 рет қаралды
Министрлік өкілдері телефондардың IMEI-кодтар базасына қалай тіркелетінін айтып берді  Қазақстанда

Министрлік өкілдері телефондардың IMEI-кодтар базасына қалай тіркелетінін айтып берді

Қазақстанда ұялы телефондарды тіркеу жобасын құру аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, 2017 жылдың шілдесінен бастап, IMEI-кодтар базасында тіркелмеген ұялы телефондар өшіріледі.  21 сәуір 2017, 14:16 2 674 рет қаралды
Ақтөбе облысының әкімдігі: Тасқын су қайта бастады Қазақстанда

Ақтөбе облысының әкімдігі: Тасқын су қайта бастады

Ақтөбеде тасқын судың беті қайтып, ірі су қоймалары қалыпты жұмыс режиміне көшті деп хабарлады Азаттыққа облыс әкімінің баспасөз қызметі. Су тасыған күндері Елек пен Қарғалының жағалауындағы елді-мекендер мен саяжайлардан 1907 адам эвакуацияланған. Соның 789-ы мектептердің спорт залдарын уақытша паналап отыр. 1118 адам туыстарының үйінде тұрып жатыр. 21 сәуір 2017, 11:57 3 261 рет қаралды
Балаларды заңсыз діни қызметке тартқаны үшін жаза күшейтіледі - Ермекбаев  Қазақстанда

Балаларды заңсыз діни қызметке тартқаны үшін жаза күшейтіледі - Ермекбаев

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, діни қызмет және діни бірлестіктерге арналған заңнамаға өзгерістер енгізу жоспарланып отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 21 сәуір 2017, 11:35 2 360 рет қаралды
Сағадиев қызды педофилден аман алып қалған оқушыға хат жазды  Қазақстанда

Сағадиев қызды педофилден аман алып қалған оқушыға хат жазды

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Алматы облысындағы оқушыға алғыс хатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 21 сәуір 2017, 10:48 2 884 рет қаралды
Қазақстан мұсылмандары үшін жаңа киім үлгісі жасалмақ  Қазақстанда

Қазақстан мұсылмандары үшін жаңа киім үлгісі жасалмақ

Қазақстанда жақын арада мұсылманның ортақ киім үлгісі пайда болады. Қыз-келіншектерді дәстүрден озбай, діннің талаптарына сай киінуін діни басқарма өз мойнына алды. Қазақы киімнің басты міндеті қыздарымызды қара жамылғыдан арылтып, ақ жаулық, кең етек көйлекті қайтару. Қауға сақал, қысқа балақпен де күрес күшейеді. Бұдан былай кімдер және қандай түр-сұрпат заңға келте келуі мүмкін? 21 сәуір 2017, 10:43 4 191 рет қаралды
Ресей "Иегова куәгерлері" діни ұйымына тыйым салды Әлемде

Ресей "Иегова куәгерлері" діни ұйымына тыйым салды

Ресей Жоғарғы соты "Йегова куәгерлері" діни ұйымын экстремистік ұйым деп танып, Ресей территориясындағы қызметіне тыйым салды. Сот шешімі Ресей әділет министрлігінің шағымы бойынша шығарылды. Ресейде заңды түрде тіркелген діни ұйымды экстремистік ұйым деп таныған оқиға бірінші рет болып отыр. 21 сәуір 2017, 10:37 5 667 рет қаралды
ҰҚК Қазақстанның екі облысында арнайы операция жүргізді: 11 адам ұсталды  Қазақстанда

ҰҚК Қазақстанның екі облысында арнайы операция жүргізді: 11 адам ұсталды

2017 жылғы 20 сәуірде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Оңтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында Ішкі істер органдарын тарта отырып арнайы операциялар жүргізді, - деп хабарлайды Қазақстан Республикасы ҰҚК Баспасөз қызметі. 21 сәуір 2017, 10:28 2 884 рет қаралды