Қылмыстық істер жөніндегі Атырау мамандандырылған ауданаралық соты ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы және 120-бабы 4-бөлімі («Көрінеу жас балаға қатысты зорлауға оқталу») бойынша үкім шығарды.
Іс алқабилердің қатысуымен қаралды. Сот процесі барысында биылғы 17 сәуірде қала сыртындағы Мирный поселкесінде азамат К. мас күйінде 9 жасар қыз баланы көріп, оны бұтаның түбіне апарып, зорламақ болған, алайда қыз бала сытылып шығып, үйіне қарай қаша жөнелген.
К-нің кінәсі сотта дәлелдермен және куәгерлердің түсініктерімен дәлелденді. Алқабилер «кінәлі» деген үкім шығарып, К. қатаң тәртіптегі колонияда 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ