Атырау, 8 сәуір 16:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 460.37
€ 531.87
₽ 5.82

Қазақстанда Жеңіс күні парад өткізілмейді

82 рет қаралды

Қазақстанда биыл Жеңіс күніне арналған әскери парад өткізілмейді. Қорғаныс министрлігі 2026 жылы Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай парад ұйымдастыру жоспарланбағанын хабарлады.

Бұл ақпаратты Қорғаныс министрлігі Nur.kz порталына берген ресми түсініктемесінде хабарлады

Оның орнына бірқатар әскери-патриоттық іс-шаралар өтеді. Олардың қатарында ерлік сабақтары, үздік әскери қызметшілер мен ардагерлерді марапаттау, экологиялық акциялар, әскери оркестрлердің шеруі, шығармашылық ұжымдардың концерттері, әскери техника мен қару-жарақ көрмесі, «солдаттық каша» акциясы және ашық есік күндері бар.

Айта кетейік, 2025 жылы Астанада Жеңістің 80 жылдығына орай ауқымды әскери парад өткен болатын. Оған 4 мыңнан астам әскери қызметші, 200-ден аса техника және 66 ұшақ пен тікұшақ қатысқан.

Ал бұған дейінгі жылдары парадтар Қазақстанда тұрақты түрде өткізілмеген. Министрлік мұны бюджет қаражатын үнемдеу және әскердің жауынгерлік әзірлігін арттыруға бағытталған шығындарды қайта бөлу қажеттілігімен түсіндірген еді.

Бүгін, 14:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.