
Құлсары қаласында орналасқан Redstar кофеханасы қажетті рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істегені анықталды.
Бұл туралы Атырау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы хабарлады.
Тексеру қала әкімдігінің хатына сәйкес жоспардан тыс жүргізілді. Нәтижесінде нысанның заң талаптарына сәйкес келмейтіні және рұқсат құжаттарының жоқтығы белгілі болды.
Анықталған заңбұзушылықтарға байланысты әкімшілік шаралар қабылданып, нысан иесіне бұзушылықтарды жою жөнінде ресми нұсқама берілді.
В Атырау -10