Атырау, 28 қараша 19:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Петербор полициясы Мьянма мұсылмандарын қолдаған ереуілшілерді күшпен таратты

1 567 просмотра


Қыркүйектің 10 күні Ресейдің Петербор қаласында Мьянма мұсылмандарын қолдап шеруге шыққан адамдарды полиция күшпен таратты - деп хабарлайды Неміс толқыны ақпарат көзі. 

Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, ереуілшілер Петербор қаласының орталығындағы Сарай алаңына жиналған. Полиция қызметкерлері заңсыз шеруге қатысушылардың тарату барысында жүзден астам адамды ұстап, олардың үстінен әкімшілік хаттама толтырылған. Бұған дейін Грозный, Мәскеу, Махачкала қалаларында өткен шерулерден кейін РФ ұлтаралық қарым-қатынас комитеті Ресейдің басым көпшілігі ислам дінін ұстанатын азаматтар тұратын аймақтағы діни ұйымдардың басшыларымен кездесулер өткізген. 

Естеріңізге салайық, Мьянмадағы мұсылмандардың буддистерден қысым көруі Ресейде түрлі толқуларға алып келген болатын. Бір Грозныйдың өзінде орталық алаңға қыркүйектің 4 күні миллионнан астам адам жиналған. Ал РФ астанасы Мәскеуде мыңдаған адам ел билігіне Мьянмаға байланысты қандайда бір шара қолдануды талап етіп ереуілге шыққан. 

Қыркүйектің төртінен бері шерулердің толастамауына байланысты Шешенстан президенті Рамзан Кадыров өзінің Instagram парақшасында Мьянма мұсылмандарын шерумен емес гуманитарлық көмекпен қолдау керектігін айтып, Ресей мұсылмандарын ереуіл ұйымдастырмауға шақырған.

Дереккөз: qazaqtimes.com


11 қыркүйек 2017, 13:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.