КХДР Сыртқы істер министрлігі 11 қыркүйек күні таңертең мәлімдеме жасап, «Егер Құрама Штаттар Қауіпсіздік Кеңесінде жаңа санкциялар раундын іске асыратын болса, Солтүстік Корея Құрама Штатқа тиісті мөлшерде өтеуін өтейді» деді Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты жазды.
КХДР Сыртқы істер министрлігінің бүгінгі мәлімдемесінде, АҚШ-тың Біріккен Ұлттар Ұйым Қауіпсіздік кеңесінде Солтүстік Кореяның ядролық сынақтарына қарсы жаңа санкцияларын енгізу туралы шешім қабылдауға тырысып жатқанын айыптады. Мәлімдемеде «Егер бұл қадамына рұқсат етілетін болса, Пиоңяң (Пхеньян) соңғы қадамдар жасап, АҚШ-ты тарихтағы ең мүшкіл жағдайға түсіреді» деді.
Мәлімдеме де тағы: «Солтүстік Кореяның ядролық қаруды дамыту ісі АҚШ-тың қастандық саясатын және ядролық қатерін болдырмау құралы болып табылады. Әрі бұл өзін қорғау шаралары заңды болып табылады» делінген. Қыркүйектің 3-ші жаңасында, АҚШ Солтүстік Кореяның ядролық сынақтарына қарсы жаңа санкцияға дайындалып жатқанын хабарлаған болатын. Әрі соңғы кезде бұл шешімін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде талқыға салған болатын. Қауіпсіздік кеңес бұл ұсынысқа бүгін (11 қыркүйек) шешім шығармақ болған.
Дереккөз: qazaqtimes.com