
Түркістан облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Қазығұрт аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, белгісіз адамдар 20-дан астам қойы мен сиырын ұрлап кеткен. Залал көлемі шамамен 5 миллион теңгені құраған.
Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция басқармасы мен аудандық полицейлер күдіктілердің ізіне түсіп, 20-35 жас аралығындағы бес адамды ұстады. Тінту кезінде олардың бірінің үйінен 17 қой мен бір сиыр тәркіленді. Ұрланған малдың бір бөлігі базарда сатылып кеткен.
Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полиция оқиғаның толық мән-жайын анықтау шараларын жалғастырып жатыр.
В Атырау -10