Атырау, 22 желтоқсан 17:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Жаңа Салық кодексі тексерулерді шектейді - ҰЭМ

2 348 рет қаралды


ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында жаңа Салық кодексінің жобасын таныстырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Министр салықтық өзгерістер идеологиясы адал салық төлеушінің мүддесін қорғауға бағытталатынын атап өтті. Оның айтуынша, барлық түсініксіз және олқы тұстар салық төлеушілердің пайдасына шешілетін болады. 

«Егер салық төлеуші салық органының түсіндіруіне сәйкес әрекет еткен болса, айыппұл мен өсімпұлды қолданбау ұсынылады. Үстеме төлемнің дәлелділігіне талап күшейтіледі. Енді салықтық тексерудің актісінде сәйкесінше дәлелдер болуы тиіс», - дейді Тимур Сүлейменов. 

Министр өз сөзінде бизнеске заңнамадағы өзгерістерді түсіндіруге көбірек уақыт берілетінін жеткізді. Оның айтуынша, Салық кодексінің құрылымы өзгертіліп, әрбір бөлім дербестендірілмек. 

«Шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолданыстағы арнайы салықтық режимдерді сақтау қарастырылған. Жаңа баламалы тәртіп ұсынылуда. Бұл айналымы үлкен, бірақ аз пайда табатындар үшін тиімді болмақ. Ол өз түсімінің жартысын растаусыз шегеруі мүмкін. Ал егер шығындарының есебін жүргізсе, оған бұл үшін сыйақы алады. Салық төлеушілерге режимді таңдауға мүмкіндік беріледі. Жұмыс тобы үйлесімді жаңа құжаты әзірлеуге қол жеткізді деп ойлаймын. Өзгерістер дауларды азайтып, тексерулерді шектейді деп есептеймін. Жаңа өзгерістер инвестиция тартып, еліміздегі шикізатты игеруге серпін береді», - деп түйді министр.

Дереккөз: ҚазАқпарат


12 қыркүйек 2017, 10:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.