Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы облысымыздағы аурулар рейтингін жариялады. Жедел респираторлық инфекция және жедел респираторлы вирустық инфекциялар аурулары рейтингте көш бастап тұр. Одан әрі рейтингті жүрек-қан тамырлары жүйесі және артериалдық гипертензия аурулары жалғастырады.
Жүрек аурулары мен қан қысымының жоғарылауы қалада тамыз айында таралған жағымсыз иіспен қаншалықты байланысы бар екендігін анықтау қызықты болар еді. Дегенмен, облыстық денсаулық сақтау басқармасынан тамызда бензин иісінен денсаулығы нашарлағандығына ешкім шағымданбағанын хабарлады. Алайда, аллергияға байланысты шағымданғандар болған.
Фархат ӘБІЛОВ