Атырау, 10 маусым 15:46
 дождьВ Атырау +31.4
$ 490.21
€ 566.93
₽ 6.81

Барлық жаңалық

Абаев банкротқа ұшыраған Әзірбайжан банкіндегі БЖЗҚ қаражатына қатысты пікір білдірді  Қазақстанда

Абаев банкротқа ұшыраған Әзірбайжан банкіндегі БЖЗҚ қаражатына қатысты пікір білдірді

Қазақстандықтардың банкротқа ұшыраған Халықаралық Әзірбайжан банкіндегі зейнетақы жинақтары мемлекеттің кепілінде. Бұл туралы ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев "Хабар" телеарнасындағы  "Открытый диалог" жобасы аясында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 19 мамыр 2017, 10:36 1 484 рет қаралды
Иранда бүгін президент сайлауы өтеді Әлемде

Иранда бүгін президент сайлауы өтеді

Иранда бүгін президент сайлауына дауыс береді. Президенттіктен төрт адам үмітті. Бірақ олардың екеуі - іс басындағы президент, ұстамды саясаткер Хассан Роухани мен консерватор, бұрынғы прокурор Эбрахим Раиси фаворит саналады. Жұмыссыздық деңгейі жоғары Иранда 81 миллион халық тұрады. 19 мамыр 2017, 10:24 2 313 рет қаралды
Дәурен Абаев Халық банк пен Қазком мәмілесі туралы: мұндай дүниелерді жариялауға болмайды  Қазақстанда

Дәурен Абаев Халық банк пен Қазком мәмілесі туралы: мұндай дүниелерді жариялауға болмайды

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Халық банк пен Қазкоммерцбанк арасындағы болуы ықтимал мәмілеге қатысты нақты нәтиже болмайынша, ақпарат таратып, жұртты дүрліктіруге болмайды деп есептейді. 19 мамыр 2017, 10:19 2 072 рет қаралды
Әлемнің байлары бір күнде 35 млрд доллардан айырылды Әлемде

Әлемнің байлары бір күнде 35 млрд доллардан айырылды

Әлемдегі ең бай 500 адам бір күнде қор нарығының құлдырауы салдарынан 35 млрд доллар жоғалтты. Bloomberg агенттігінің мәліметінше, бұл АҚШ Президенті Дональд Трамп айналасындағы дауға байланысты. 18 мамыр 2017, 17:37 3 044 рет қаралды
Қазақстандықтар Батырхан Шүкеновті еске алуда  Қазақстанда

Қазақстандықтар Батырхан Шүкеновті еске алуда

Бүгін әнші Батырхан Шүкеновтың туған күні. Талантты өнер иесі биыл 55 жасқа толар еді... Қазақстандықтар бүгін әншіні, оның қайталанбас өнерін еске алуда, деп хабарлайды Baq.kz. Бейнежазба 18 мамыр 2017, 17:19 2 812 рет қаралды
Димаш Құдайберген атақты Канн фестивалінің қызыл кілемінен жүріп өтті Қазақстанда

Димаш Құдайберген атақты Канн фестивалінің қызыл кілемінен жүріп өтті

Бүгін отандасымыз Димаш Құдайберген Францияда өтіп жатқан атақты Канн фестивалінің қызыл кілемінен жүріп өтті. Бұл туралы әншінің PR-менеджері Алпамыс Шаримов өзінің Фейсбуктағы жеке парақшасында жазды. 18 мамыр 2017, 16:04 2 875 рет қаралды
Зейнетақы қоры қызметкерлерінің қанша жалақы алатыны белгілі болды Қазақстанда

Зейнетақы қоры қызметкерлерінің қанша жалақы алатыны белгілі болды

"БЖЗҚ" АҚ басқарма төрағасы Нұрбүбі Наурызбаева Tengrinews.kz порталында өтіп жатқан онлайн конференция кезінде зейнетақы қорының қызметкерлері қанша жалақы алатынын айтты.  18 мамыр 2017, 16:12 4 059 рет қаралды
Танымал тұлғалар: Зақаш Қамалиденов. Атыраудағы жеті күндік қадесі Басқа жаңалықтар

Танымал тұлғалар: Зақаш Қамалиденов. Атыраудағы жеті күндік қадесі

Бүгін, 18 мамырда «Алтын Шатыр» мейрамханасында біздің танымал жерлесіміз – бұрынғы Қазақстан Компартиясының ОК-нің хатшысы, ҚазССР-дың МҚК (КГБ) төрағасы және ҚазССР-дың Жоғары Кеңес Президиумының төрағасы Зақаш ҚАМАЛИДЕНОВТЫҢ жеті күндік қадесі өтті. Республиканың көрнекті мемлекеттік қайраткерінің рухына бағышталған дұға дастарханына Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ, оның орынбасарлары Ғұмар ДҮЙСЕМБАЕВ және Айгүл ӘЖІҒАЛИЕВА, әкім аппаратының жетекшісі Ернар БАСПАЕВ, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек ОЖАЕВ келді. Сурет Бейнежазба 18 мамыр 2017, 16:05 7 332 рет қаралды
Алматыда Қырым татарлары диаспорасы депортация құрбандарын еске алды Қазақстанда

Алматыда Қырым татарлары диаспорасы депортация құрбандарын еске алды

Бүгін Алматыда Қырым татарларының "Ватандаш" мәдени орталығында 1944 жылы совет диктаторы Иосиф Сталиннің бұйрығы бойынша жүргізілген депортация құрбандарын еске алды. Түске таман орталықта "Ватандаш" жастары Қырым татарларының жергілікті диаспорасының ақсақалдарымен кездесті. Депортация құрбандарын еске алу шарасы құран бағыштаудан басталды. 18 мамыр 2017, 16:00 3 307 рет қаралды
Сирия келiссөздерi EXPO-2017 кезiнде өтедi – СIМ  Қазақстанда

Сирия келiссөздерi EXPO-2017 кезiнде өтедi – СIМ

Сирия келiссөздерiнiң келесi кезеңi шiлде айының ортасында, яғни EXPO-2017 халықаралық көрмесi кезiнде өтедi. Бұл туралы ҚР Сыртқы iстер министрi Қайрат Әбдiрахманов Үкiметте өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi. 18 мамыр 2017, 15:54 1 305 рет қаралды
Еурокомиссия Facebook-ке 110 млн еуро айыппұл салды  Әлемде

Еурокомиссия Facebook-ке 110 млн еуро айыппұл салды

Еуропалық комиссия Facebook әлеуметтік желісіне WhatsApp хабарламаларымен алмасудың танымал жүйесін сатып алу туралы қате ақпарат бергені үшін компанияға 110 млн еуро айыппұл салды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі. 18 мамыр 2017, 15:41 2 508 рет қаралды
Қырымда 1944 жылғы депортация құрбандарын еске алуға тыйым салды Әлемде

Қырымда 1944 жылғы депортация құрбандарын еске алуға тыйым салды

Украинада бүгін 73 жыл бұрын Қырым татарларын депортациялағанда құрбан болғандарды еске алып жатыр. Ресей билігі бұл күні аннексиялап алған Қырымда акция өткізуге тыйым салған. Бахчисарайда полиция Қырым татарлары бұрын жыл сайын осы күні гүл қойып жүрген ескерткіш тасты қоршап қойды. 18 мамыр 2017, 15:08 2 808 рет қаралды
Министр БЖЗҚ-ның Әзірбайжан банкіндегі инвестицияларына қатысты пікір білдірді  Қазақстанда

Министр БЖЗҚ-ның Әзірбайжан банкіндегі инвестицияларына қатысты пікір білдірді

ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов БЖЗҚ-ның Әзірбайжан банкіндегі инвестицияларына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 18 мамыр 2017, 15:02 1 725 рет қаралды
Анықтаманы sms-паролі арқылы ала алады Басқа жаңалықтар

Анықтаманы sms-паролі арқылы ала алады

Сотталғандығы немесе сотталмағандығы туралы анықтаманы енді электрондық цифрлық қолтаңбасыз-ақ - еgov.kz порталына авторлану кезінде бір реттік sms-паролінің көмегімен ала алады. Бұл туралы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің басшысы Тұрлан НҰРЖАНОВ Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлім етті. 17 мамыр 2017, 19:06 3 082 рет қаралды