Атырау, 29 қараша 09:50
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Прокурордың орынбасары сотта жасөспірімге оқ атты

2 410 просмотра


Американың Огайо штатындағы Франклин округі прокурорының орынбасары сот отырысы кезінде сотталушы жасөспірімге оқ атты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

16 жастағы жасөспірімге қатысты іс 17 қаңтардың алғашқы бөлігінде қаралып жатқан болатын. Сот отырысы кезінде жасөспірім, оның туыстары және прокурордың орынбасары арасында кикілжің туындайды.

Сотталушының туыстары шенеунікті жерге жығып, соққының астына алады. Прокурордың орынбасары өз кезегінде оқ атуға мәжбүр болады. Осы атылған оқтардың бірі 16 жастағы жасөспірімге тиіп кеткен екен. Жасөспірім шұғыл ауруханаға жеткізілгенімен, көп қан жоғалтқандықтан көз жұмды.

Дереккөз: baq.kz

18 қаңтар 2018, 10:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.