Атырау, 29 қараша 09:38
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Қырғызстанда әлеуметтік желілерді шектеуді ұсынды

2 447 просмотра

Қырғызстан парламентінің Социал-демократиялық партиясынан сайланған депутаты Улан Примов әлеуметтік желілер қызметін реттеу туралы заң дайындауды ұсынды. Ол мұндай заң көп адам ақпаратты әлеуметтік желілер мен сайттардан алатындықтан қажет екенін айтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қырғызстан әділет министрінің орынбасары Раушан Абдуллаев бұған жауабында қазіргі уақытта сайттарды реттеу жөнінде заң жобасы дайындалып жатқанын және оның таяуда қоғам талқылауына ұсынылатынын айтты.

Бұған дейін Қырғызстанда адамның қадір-қасиетін қаралап, беделіне нұқсан келтіретін мәлімет таратты деп танылғандардан талап етілетін моральдық шығынның ең төменгі мөлшерін бекіту туралы ұсыныс талқыға түскен болатын.

Ұсынылып отырған өзгерістер БАҚ-та адамның қадір-қасиеті мен беделіне нұқсан келтіретін ақпаратты терістеу мәселесін реттейді. Атап айтқанда, терістеу көпшілікке жария түрде жасалуы тиіс. Бұл қаралайтын мәлімет таратқан адамның әлеуметтік желілерде «өзім үшін» немесе «достарым үшін» деген белгімен ғана терістеу жариялауына мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар, терістеуді бірден өшіріп тастауға да тыйым салынбақ.

Дереккөз: baq.kz

18 қаңтар 2018, 11:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.