Нигерия жарылыс жанкешті Нигерияның солтүстік-шығысындағы Майдугури қаласында қос жарылыс болды. Салдарынан 12 адам ажал құшып, тағы 50-ге жуығы жараланған.
Жергілікті биліктің хабарлауынша, екі жанкешті өздерін жергілікті базарда жарып жіберген екен. Таяуда сондай-ақ босқындар лагері де орналасқан.
Бұл орынды негізінен «Боко Харам» содырларының зорлық-зомбылығынан қашқан жұрт паналайды. Әзірге қастандықты ешбір топ өз мойнына алған жоқ.
Алайда биліктің пайымдауынша, бұл «Боко Харам» жендеттерінің ісі болуы мүмкін. Өйткені Нигериядағы шабуылдың көбін осы топ лаңкестері ұйымдастырып жатады.
Қаскөйлер сондай-ақ көрші Нигер, Чад және Камерунда да қастандық әрекеттерін іске асырады.
Дереккөз: 24.kz