Атырау, 14 желтоқсан 00:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

Түркияда әскери-тасымалдаушы ұшақ апатқа ұшырады

1 919 рет қаралды


Испарта провинциясындағы Эгирдир көлінің солтүстігінен ұшақтың бөлшектері мен оның экипаж мүшелерінің денелері табылды, деп хабарлайды Анадолы агенттігі. 

«Оқу-жаттығуға шыққан CN-235 CASA ұшағы Эскишехир провинциясындағы аэродромнан жергілікті уақыт бойынша сағат 11-03-те ұшып шыққан. Ұшақ экипажы 3 адамнан тұратын»,-деп хабарлады Түркияның Әуе Күштері Бас штабынан. 

Сағат 14-30-да ұшақтың бөлшектері мен әскери азаматтардың денелері Испарта провинциясындағы Эгирдир көлі маңынан табылды. Бас штаб Түркияның Қарулы Күштеріне, түрік халқына, мерт болған әскерилердің отбасына көңіл айтты.

Дереккөз: inform.kz

18 қаңтар 2018, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.