Атырау, 29 қараша 09:50
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​"Мектепке балтамен шабуылдаған". Бурятияда қанды оқиғадан бес адам зардап шекті

2 352 просмотра


Бурятияда белгісіз біреулер мектепке балтамен баса-көктеп кіріп, бес адамды жарақаттаған, - деп хабарлайды РИА Новости.  

Басылымның дереккөзі Улан-Удэде болған оқиғаның мән-жайын айтты. Шабуылдау кезінде қаскөйлердің бірі жарақат алып, тағы екеуі жасырынып үлгерген.  

"Улан-Удэде мектепке жасалған шабуылдан бес адам зардап шекті: мұғалім, үш оқушы және шабуылдаған бір адам, екеуі қашып үлгерді", - деді агенттік дереккөзі.  

Алдын ала мәлімет бойынша, мектепке үш адам шабуылдаған, олар білім беру мекемесіне оқушы ретінде кірген. Ішке кірген олар бетперде киіп, сабақ өтіп жатқан кабинетке баса-көктеп кірген. Олар кабинеттен шығуға тырысқандарды ұрып-соққан. 

"Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деген дереккөз зардап шеккендердің жетінші сыныпта оқитынын хабарлады.   

Осы дерек бойынша "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалыпты. Ал шабуыл жасады деген жасөспірім ұсталған. 

Еске сала кетейік, таяуда тағы бір мектепке шабуыл жасалған еді. Бетперде киген екі адам мектепте сегіз бала мен мұғалімді пышақтағаны хабарланған болатын. Оқиға №127 мектепте жергілікті уақыт бойынша сағат 10.19-да болған.

Дереккөз: tengrinews.kz

19 қаңтар 2018, 09:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.