Атырау, 26 апреля 14:28
 ясноВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

ХАСАНОВ ЕЛАМАН

1 399 просмотров


2020 жылдың 21 қаңтарында мұнай және газ саласының еңбек ардагері, «ҚазМұнайГаз-Бұрғылау» ЖШС-і зейнеткері ХАСАНОВ ЕЛАМАН дүниеден озды.

Хасанов Еламан 1941 жылғы 11 қаңтарда Гурьев облысында дүниеге келген. Хасанов Еламан еңбек жолын 1961 жылы Батыс Қазақстан геологиялық басқармасының, геологиялық іздестіруші Гурьев мұнай экспедициясындағы бұрғышының 3 разрядты көмекшісінен бастап, «ЕмбімұнайГаз» ӨБ-нің бұрғылау жұмыстарының Каспий өңірлік басқармасында, Балықшы бұрғылау барлау басқармасында техник-технолог, бұрғылау шеберінің көмекшісі, бұрғылау шебері, ОИТҚ-нің ауысым бастығы лауазымдарында жұмыс жасап, 1998-2004 жылдар арасында «Қазақойлбұрғылау» СБК-дағы ОИТҚ-ның диспетчеры, ауысым бастығы, Өндірістік-диспетчерлік қызметтің диспетчері болып қызмет атқарып, 2004 жылдан құрметті демалысқа шықты. Көп жылғы еңбектегі жетістіктері үшін Еламан Хасанов бірнеше мақтау грамоталарымен марапаталды.

«ҚазМұнайГаз-Бұрғылау» ЖШС-і ұжымы марқұм Еламан Хасановтың жанұясына, туған-туыстарына орны толмас қайғыларына отақтасып, көңіл айтады.

Еламан ағамыздың есімі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.

22 января 2020, 19:29

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 771 37 800 38 и на editor@azh.kz

Комментарии отключены