Атырау, 26 наурыз 02:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74

Барлық жаңалық

Дүниежүзілік бокс кеңесі GGG-дің міндетті қарсыласын бекітті Қазақстанда

Дүниежүзілік бокс кеңесі GGG-дің міндетті қарсыласын бекітті

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) Украина астанасы Киев қаласында өтіп жатқан 56-кезекті конвенциясында, қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-1-1,34КО) міндетті қарсыласын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  4 қазан 2018, 17:24 1 560 рет қаралды
Атырауда «жедел жәрдем» көлігі мен кроссовер соғысып, фельдшер көз жұмды Басқа жаңалықтар

Атырауда «жедел жәрдем» көлігі мен кроссовер соғысып, фельдшер көз жұмды

Бүгін, 4 қазанда Атырауда Құрманғазы мен Әлиев көшелерінің қиылысында Ford кроссовері мен «жедел жәрдем» көлігі соқтығысты. ЖКО нәтижесінде сол жерде «жедел жәрдемнің» 30 жастағы фельдшері көз жұмды. Бейнежазба 4 қазан 2018, 16:11 5 590 рет қаралды
​Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауын жариялайды Қазақстанда

​Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауын жариялайды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауын жариялайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.    4 қазан 2018, 13:34 2 143 рет қаралды
Қырғызстан экс-президентіне тиіспеу нормасын конституцияға қайшы деп таныды Әлемде

Қырғызстан экс-президентіне тиіспеу нормасын конституцияға қайшы деп таныды

Қырғызстан Жоғарғы сотының конституциялық палатасы заңгер Нурбек Токтакуновтың заңдағы экс-президентке тиісуге мүлдем болмайтыны туралы норманы конституцияға қайшы деп тануды сұраған шағымын қарады. Заңгер Қырғызстан президентінің қызметіне кепілдік беру туралы заңның 12-бабын ("Қырғызстан экс-президентіне тиіспеу") шағым түсірген. Ол шағымында экс-президентке мүлдем тиісуге болмайды деген норманы жоюды сұрайды. 4 қазан 2018, 12:01 1 280 рет қаралды
​Еліміз Қырғызстанға бір реттік қолданыстағы медициналық құралдар сату туралы келісті Қазақстанда

​Еліміз Қырғызстанға бір реттік қолданыстағы медициналық құралдар сату туралы келісті

Қазақстан сыртқы сауда палатасы мен Қырғызстан сауда-өнеркәсіп палатасы бірлесіп, Іскерлік кеңес құру меморандумына қол қойды. Кеңестің алғашқы мәжілісі Бішкек қаласында өтті. Нәтижесінде жүздеген миллион теңге мөлшеріндегі келісім-шарттар жасалды.  4 қазан 2018, 11:53 1 520 рет қаралды
АҚШ дауды БҰҰ сотында реттеу туралы хаттамадан шығады Әлемде

АҚШ дауды БҰҰ сотында реттеу туралы хаттамадан шығады

АҚШ мемлекеттер арасындағы дауларды БҰҰ Халықаралық сотында шешуге міндеттейтін Вена конвенциясының факультативті хаттамасынан шығады. АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңесшісі Джон Болтонның хабарлауынша, бұл туралы шешімді президент Дональд Трамп қабылдады. 4 қазан 2018, 11:32 939 рет қаралды
Ақтөбедегі автобус өрті: 52 өзбектің туыстары 21 миллион доллар талап етті Қазақстанда

Ақтөбедегі автобус өрті: 52 өзбектің туыстары 21 миллион доллар талап етті

Самара – Шымкент тас жолында 52 Өзбекстан азаматы өртеніп кеткен автобусқа қатысты іс бойынша жәбірленуші тараптың талаптары оқылды. Бес сотталушы бұл соманы төлей алмайтындарын мәлімдеген. Ақтөбе облысындағы тас жолда автобус өртінен қаза тапқан 52 өзбектің туыстары бес сотталушының әрқайсысынан 150 миллион теңге моральдық шығын талап етті. Талаптардың жалпы сомасы 7 миллиард 800 миллион теңге (21 миллион доллардан астам). 4 қазан 2018, 11:15 1 177 рет қаралды
Астанада науқасты тепкілеген дәрігер жұмыстан шықты Қазақстанда

Астанада науқасты тепкілеген дәрігер жұмыстан шықты

Аурухананың бас дәрігері Сергей Демочкин сырқатты 26 жастағы кезекші терапевттің соққыға жыққанын растады. Астананың Орталық темір жол ауруханасының басшылығы медициналық қызметкерінің науқасты сабау оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Today.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  4 қазан 2018, 11:05 1 171 рет қаралды
Армениядағы митингтерден кейін алты министр отставкаға кетті Әлемде

Армениядағы митингтерден кейін алты министр отставкаға кетті

Министрлер кезектен тыс сайлау өткізуді қиындататын заң жобасын қолдаған. Армения президенті Армен Саркисян Еревандағы митингтерден соң алты министрді отставкаға жіберді. Бұл шенеуніктер — "Гүлденген Армения" және "Дашнак-цутюн" партияларының мүшелері, олар кезектен тыс сайлау өткізуді қиындататын заң жобасын қолдаған. 4 қазан 2018, 10:38 1 683 рет қаралды
​Шымкентте ұшақ бортында табылған 111 мың доллар мемлекет кірісіне өткізілді Қазақстанда

​Шымкентте ұшақ бортында табылған 111 мың доллар мемлекет кірісіне өткізілді

Шымкентте Ыстанбұлдан ұшып келген ұшақ бортынан табылған 111 мың доллар мемлекет кірісіне өткізілді. Бұл туралы Timeskz.kz Шымкент көлік прокуратурасына сілтеме жасап хабарлады. 4 қазан 2018, 10:31 1 452 рет қаралды
Атырауда Бергей Рысқалиевқа қатысты сырттай сот процесі басталды Экс-әкiмнiң iсi

Атырауда Бергей Рысқалиевқа қатысты сырттай сот процесі басталды

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ескі редакциядағы ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше баптары, соның ішінде, 235-бабы («Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оны басқару, қылмыстық қоғамдастыққа қатысу»), 176-бабы («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету), 193-бабы («Қылмыстық жолмен алынған ақшаны немесе өзге мүлiктi заңдастыру») бойынша айыпталушы Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ, оның інісі Аманжан РЫСҚАЛИҒА, күйеу баласы Рүстем ӘЛБАҚАСОВҚА және тағы 6 фигурантқа қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау өткізілді. Сурет Бейнежазба 4 қазан 2018, 10:14 8 146 рет қаралды
​Үндістан, Ресей және АҚШ селфи кезінде қаза тапқандардан көш бастап тұр Әлемде

​Үндістан, Ресей және АҚШ селфи кезінде қаза тапқандардан көш бастап тұр

Үндістан, Ресей және АҚШ селфи кезіндегі оқыс оқиғалар салдарынан қаза тапқандар саны бойынша көш бастап тұр. Бұл туралы сәрсенбі күні CNN телекомпаниясы Journal of Family Medicine and Primary Care басылымында жарияланған баяндамаға сілтеме жасап мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.   4 қазан 2018, 09:30 1 747 рет қаралды
​Парадан бас тартқан маңғыстаулық мемқызметші сыйақы алды Қазақстанда

​Парадан бас тартқан маңғыстаулық мемқызметші сыйақы алды

Маңғыстау облысында парадан бас тартқан мемлекеттік қызметшіге 100 мың теңгеге жуық көлемде сыйақы берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 4 қазан 2018, 09:29 1 475 рет қаралды
​Химиядан Нобель сыйлығы «эволюция күшін меңгерген» ғалымдарға бұйырды Әлемде

​Химиядан Нобель сыйлығы «эволюция күшін меңгерген» ғалымдарға бұйырды

Химия саласында 2018 жылғы Нобель сыйлығына «ферменттердің бағытталған эволюциясы үшін» АҚШ ғалымы Фрэнсис Арнольдқа, сондай-ақ «пептидтер мен антиденелердің бейнеленуі үшін» Джордж Смит (АҚШ) пен Грегори Винтерге (Ұлыбритания) берілді. Бұл туралы сәрсенбіде Швеция Корольдігі ғылым академиясының химиядан Нобель комитеті мәлім етті, деп жазады ТАСС.  4 қазан 2018, 09:22 1 782 рет қаралды
​Қазақстанға бензин экспорттауға мүмкіндік беретін құжатқа қол қойылды Қазақстанда

​Қазақстанға бензин экспорттауға мүмкіндік беретін құжатқа қол қойылды

Қазақстан мен Ресей өкілдері елімізге бензин экспорттауға рұқсат беретін хаттамаға қол қойды. Кеше, сәрсенбіде ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев пен Ресей энергетика министрі Александр Новак құжатқа қол қойды,  - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 4 қазан 2018, 09:10 1 205 рет қаралды