Атырау, 19 желтоқсан 19:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Анкара: АҚШ Түркияға санкция салмауы қажет

2 914 рет қаралды


«АҚШ Түркияға санкция салмауы қажет» - деп мәлімдеді Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлы.

 «АҚШ Түркияға Ресейдің С-400 зымыран жүйесін сатып алғаны үшін санкция салмауы тиіс. Себебі АҚШ бұл заңды Анкара мен Мәскеу келісімге келгеннен кейін қабылдады» - деді Чавушоғлы Уашингтонда сөйлеген сөзінде. Бұған дейін Түркия С-400-ді сатып алудан бас тартпайтындығын мәлімдеген. Ресми Анкара таратқан ақпарат бойынша, С-400-дің алғашқы легі биылғы жылдың соңына дейін келеді. Өз кезегінде АҚШ «Түркия Ресейден С-400 зымыран құрылғыларын сатып алу арқылы НАТО заңдарына қайшы әрекеттерге баруда» - деген уәж айтуда. Атап айтқанда, Уашингтон «С-400-дің НАТО стандарттарына сәйкес келмейтіндігін» алға тартып, алдағы уақытта өзінің соңғы үлгідегі ұшақтарын Түркияға сатпайтындығын және Анкараға санкция салатындығын мәлімдеді.

Дереккөз: qazaqtimes.com

4 сәуір 2019, 10:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.