Атырау, 24 қараша 18:35
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Экс-әкімнің ісі. «Пәтерлер»блогы: Алиев және басқалар (толықтырылды)

4 455 просмотра

Назми АЛИЕВ. Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВНазми АЛИЕВ. Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВДүйсенбі күні, 10ақпанда Атырау қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта Рысқалиевтың ҰҚТ ісі бойынша тыңдау жалғасты. Куәгер ретінде «АБ Групп» ЖШС директорының кеңесшісі Назми АЛИЕВ шақырылды. Ол, өзінің айтуынша, емделіп жүр екен. Соттың шақыртуы бойынша келуге мәжбүр болған.

«НҰР ОТАНҒА ДА ЖАЗДЫМ»

Алиев 2013 жылы Молдашевтың ісі бойынша сот отырысында берген жауабын қайталады («Аманжаннан сәлем»). Оның айтуынша, 2008 жылы Бергей Рысқалиев оны Атырауға шақырып, құны 3 млрд теңге тұратын жол құрылысына қосалқы мердігер болуды тапсырған. Кейінірек, оның растауынша, ол осы нысанның нақты құны 4,5 млрд теңге екенін білген.

Алиев өзіне Аманжан Рысқалидың 900 мың доллар бергенін жоққа шығарды. Сотта Алиев қаржы полициясына Бергей Рысқалиевты, Аманжан Рысқалиды және олардың күйеу баласы Рүстем ӘЛБАҚАСОВТЫ қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы шағым түсіргенін растады:

- Олар өздері істеген нәрсе үшін жауап берулері тиіс, - деп мәлімдеді Алиев. – Ол жерде тек 9 пәтер ғана болған жоқ. Олар қазір Ақтаудағы мейманхананың үлесін ғана қайтарды. Бұл да біздің ағамызбен екеуміздің отбасылық бизнесіміз. Бұдан басқа, «АБ Групп», «ОрсепСтрой»бар. Олардың шектен шыққан әрекеттері туралы мен «Нұр Отан» мен Жоғарғы сотқа да жаздым.

Алиев ағайынды Рысқалиевтар мен олардың күйеу баласы Әлбақасовты өзі мен ағасы Юсуфтан «ОрсепСтрой» мен «АБ Групп» ЖШС компанияларын рейдерлік жолмен тартып алды деп айыптап отыр: «2009 жылы олар «ОрсепСтрой» ЖШС-ін тартып алған кезде, үлес салуға тиіс еді, біз 3 ай активтерді есептедік, Әлбақасов есептеді. Ал ақыр соңында ол мені шақырып алып: «Біз ешқашан ешкімге ештеңе төлеген емеспіз. Сондықтан босқа дәметпеңдер, деді».

Сондай-ақ, Алиев өз компаниясына қаланы көгалдандыру, автобус паркінің аумағын асфальттау және газдендіру бойынша орындалған жұмыстар үшін ақша төленбегендігін растады.

 

«МҰНЫҢ БӘРІ ҚАҒАЗ ҒАНА»

Алиевтің жауабы бойынша, Сәтпаев, 35 мекен-жайындағы үйді «АБ Групп» банк несиесі есебінен 5 млн долларға салған. Банкпен келісімшартты сол кезде директор болған Бауыржан МҰРЫНОВ рәсімдеген.1 подъезді 11 қабатты үйдің жалпы алаңы - 6500 шаршы метр. Бірінші қабаттар толықтай дүкендер ретінде сатылған. Үйде бар болғаны 36 пәтер бар. Бәрі де 3, 4 бөлмелі, олардың ішінде жоғарғы 4 пәтер - екі деңгейлі. Пәтерлердің өзіндік құны 700 ш.б. құрады, жоспарланған нарықтық құны –10000-11000 доллар.

Ауызша келісім бойынша, куәгер Алиевтің растауынша, Аманжан Рысқали пәтерлерді бір шаршы метрі үшін 900-950 доллардан сатып алуы тиіс болатын немесе құрылыс салу үшін нысан беріп, жалпы бағасынан осы тоғыз пәтердің құнын шегеріп тастауға келіскен. Алайда Алиевтің растауынша, компания ақшаны да, нысанды да алмаған.

Рысқалидың ауызша келісімінен кейін осы 9 пәтер ӘЛБАҚАСОВҚА (№1 пәтер, сомасы 7,9 млн тг), ӘУБАКІРОВКЕ (№22 пәтер, 8,9 млн тг), ЖЕЛДІБАЕВҚА (№18 пәтер, 8,2 млн тг), ЖАЛМАҒАМБЕТОВКЕ (№2 пәтер, 8,1 млн тг), ҚАЙЫРЖАНОВҚА (№14 пәтер, 8,1 млн тг), Құрамысовтың (№15 пәтер, 9,4 млн тг), ТОҚМЫРЗИЕВАҒА (№19 пәтер, 9,5 млн тг), САРИЕВҚА (13 пәтер, 7,1 млн тг), ШОҚЫБАСОВҚА (№17 пәтер, 7,1 млн тг) рәсімделген. Келісімшартта көрсетілген сомалар, Алиевтің айтуынша, шартты сомалар болған.

- 9 млн теңгеге тек өзіндік құны 800 доллар болатын 170 шаршы метрді қалай сатып алуға болады? Егер оны Ахаман алған болса, онда қандай жеке тұлғалар болмақ, мұның бәрі жай қағаз ғана, мен шындықты айтып отырмын. Өйткені олардың қандай шоу ұйымдастырғанын және қолдарында қандай билік болғанын білемін. 

Алиевтің айтуынша, ол соңғы үш жылда қудалауға түскен, мүлкіне тыйым салынған, компанияның шаруасымен ешкім айналыспаған. Бүгінде «АБ Групп» компаниясының жағдайы мүшкіл халде. Алиевтің азаматтық талап арызы бойынша әңгіме 286 млн теңге зиян туралы болып отыр.

Судья төрағасының осы оқиғалардың барлығы сіз үшін қандай салдарға апарып соқтырды деген сұрағына, Алиев былай деп жауап берді:

- 2009 жылы АБ Групптан нысандарды алып қойды, рейдерлікпен АБ Групп пен ОрсепСтройдағы бүкіл команданы ауыстырып жіберді. Маған Бергейдің өзі қоңырау шалып: «Мейманханадағы үлесті бер, бермесең, демек, онда жұмыс істейтіндердің бәрін отырғызамын. Салдары сондай болады, деп айтқан кезде, мен ауруханада жатқан едім».

 

«РАДИОДАН ЕСТІДІМ»

Куәгер ретінде «Лондон-Атырау» ЖШС-нің бұрынғы директоры Сейдахмет ТӨРЕҚОЖАЕВТАН жауап алынды. Ол компания атауының құпиясын ашып берді.

Оның айтуынша, компания құрылар кезде, радио арқылы «Лондон-Алматы» сақтандыру компаниясы туралы естіген екен. Сөйтіп осыған үндестірілген атауды ұсыныпты. Компания Жеңіс бағында орналасқан, оны Аманжан Рысқали жұмысқа шақырып, заңгерлік бөлімге басшылық етуді өтініпті, содан кейін «Лондон-Атырау» компаниясы құрылған. Компанияда барлығы 6-7 заңгер жұмыс істейді. 9 пәтерді иеліктен шығару келісімшарттары туралы ол ештеңе білмейді екен. ЖШС бұрын 2008 жылдың аяғында құрылған, ал пәтерлер бойынша эпизодтар бұдан бұрын болған.

Оның айтуынша, «Лондон-Атыраудың» кейбір заңгерлері тапсырманы тікелей Әлбақасовтан алып отырған. Ол бұл тапсырмалардан бейхабар болыпты. Айтпақшы, жалақы алған кезде «Лондон-Атырау» ЖШС қызметкерлері еш жерге қол қоймаған, ресми жалақы 60 мың теңге болыпты. Ал іс жүзінде 100 мың және одан жоғары алған.

 

«УСАТЫЙҒА БЕРДІ»

Сот бұдан кейін сотталушы Асхат ЕСЕТОВТІҢ атына рәсімделген есепшоттан Атыраудағы банк филиалдарының бірінен банк пайдасына еш комиссиялық алым (05%) ұсталмай, ірі соманы түсіріп алу жағдайын анықтауға кірісті. Операциялық бөлім бастығының айтуынша, бұл шамамен техникалық себептерге байланысты орын алған. Алайда комиссиялық алымды банк кейін клиенттің шотындағы сома қалдығынан да ұстамаған. Бұл факт қаржы полициясы тексерген кезде және шотқа тыйым салған кезде ғана анықталыпты.

Есетов сотта банк шотының формальды түрде рәсімделгенін, Әлбақасовтың нұсқауымен ақшаны түсіріп алып, оған әкеліп бергенін растады. Есетовті қорғаушының өтініші бойынша онымен бірге жұмыс істеген және ақша салынған пакетті Әлбақасовқа бергенін растай алатын куәгер Айбар ҚАЖЫМҰРАТОВТЫ шақырды.

- Оның кабинетінен мен ақша салынған әжептәуір пакетті көрдім. Кімге екенін сұрағанымда, қазір Усатыйға берем деді. Біз өзара Әлбақасов Рүстем Саламатұлын осылай атайтынбыз, - деді Қажымұратов.

 

ӘЛБАҚАСОВТЫҢ АЛАЯҚТЫҚ СЫЗБАСЫ

Куәгер ретінде шақырылған, 2008 жылы «МК Бизнес» ЖШС директорының орынбасары болып жұмыс жасаған САҚИПОВ Әлбақасовтың тапсырмасы бойынша өз атына жалған жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шартын ресімдеу фактілері туралы айтып берді.

Сақиповтың айтуынша, ол 2008 жылдың мамырында өз атына Әлбақасов өкілдік ететін «КаспианИндастриалСервисез» компаниясының Ескі әуежайдағы 9 га жер телімін сатып алуды ресімдеген. Мәміле сомасы – 15 млн теңге. Сатып алынған жерді әділет органдарына ресімдегеннен кейін Сақипов оны әкімдікке 109 млн теңгеге сатады.

Ескі әуежайдағы тағы бір 8 га жер телімін Ренат АЛМАҒАМБЕТОВ деген біреуден сатып алып, Әлбақасовтың айтуымен әкімдікке 127 млн теңгеге сатқан.

Сақипов «АтырауТрансГаз» заңгерлік компаниясының 50%-дық үлесі бар құрылтайшысы болған.

- Бұл үлесті де Әлібақасов өз атыма жазып алуды тапсырды, - деп айғақ берді.

Сотта ЖЕЛДІБАЕВ деген біреу туралы әңгіме қозғалды, адвокат Сақиповтан ол кім деп сұрағанда, Аманжан Рысқалидың үлкен күйеу баласы деп жауап берді.

Айыпкер Есетовты қорғаушы адвокаттың сұрағы:

- Сіз 2007 жылы Аманжан Рысқалидың күйеу баласы ретінде Желдібаевқа Атырау қаласы, Авангард ықшамауданы, Жеңіс саябағы ауданы, телеорталық, №12 үй мекенжайынан коттедж салуды тапсырдыңыз ба? Сол жерге шаруашылық қосалқы үйлерін салуға келістіңіздер ме? Бұл, тіпті, Рысқалидың үйінен де зәулім, екі бассейні бар Жеңіс саябағындағы үлкен коттедждердің бірі.

- Менің атыма жазылған мүліктердің барлығы Әлбақасовтың тапсырмасымен ресімделді, - деп жауап берді Сақипов.

Алайда, адвокаттың айтуынша, алғашқы тергеу кезінде Сақипов бұл фактілерді, тағы да Әбілқасовтың қысымымен, жасырғысы келді.

Осындай сөздеріндегі қарама-қайшылықтардан кейін, айыпкер Шарыпкина судьяға өтініш білдірді:

- Құрметті судья, біз, айыпталушылар ретінде куәгердің жалған айғақ беріп отырғанына қатты мазасызданудамыз, егер осыған байланысты шаралар алынбаса,басқа куәгерлер де өтірік айғақ беріп, жазықсыз отыруымызға тура келеді. Шара қабылдаңызшы, әйтпесе, бассыздық басталып жатыр.

 

«ӘДІЛДІК ОРНАУДА»

Үзіліс кезінде біз сотталушы, облыс әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Болат ДӘУКЕНОВТЕН сот процесінің барысы туралы не айтатынын сұрадық.

- Көріп отырсыздар ғой, әділдік орнап жатыр. Тергеу кезіндегідей емес, басқа да жағдайлар анықталуда, - деп жауап берді Дәукенов.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА,

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

11 ақпан 2014, 12:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.