3 ақпанда кешкі сағат бесте Атырау облыстық ТЖД-нің бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне Қызылқоға ауданының Тайсойған ауылындағы жеке үйлердің бірінде бес адамнан тұратын отбасының газдан уланғандығы туралы хабарлама түсті.
Дабыл түскен бойда, аудандық аурухананың жедел медициналық жәрдем бригадасы, Қызылқоға ауданының ТЖБ өкілдері, АІІБ қызметкерлері мен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ аудандық филиалының мамандары сол мекенжайға қарай бағыт алды.
Медиктер жеткен кезде 28 жастағы отанасы мен үш баланың – алты және бес жастағы қыз балалардың, үш жасар ер баланың қайтыс болғандығы анықталды. 36 жастағы отағасы қазіргі уақытта ауылдық отбасылық-дәрігерлік амбулаторияда ауыр халде жатыр. Алдын-ала болжам бойынша, қайғылы оқиғаға – табиғи газбен жұмыс істейтін жылу жүйесінің жарамсыздығы себеп болған.
Тамара СУХОМЛИНОВА