Атырау, 26 қараша 18:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Әкелік парызы маңызды

2 554 просмотра

Кеше, 3 ақпан күні қалалық мәслихаттың сессиясында атыраулық кәсіпкер Әмір ЫСМАҒҰЛОВТЫҢ депутаттық өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданды.Ол Бостондағы лаңкестік ісін әділ тергеуге кедергі келтірмек болды деп айыпталып, АҚШ-та қамауда отырған Азамат ТӘЖІАЯҚОВТЫҢ әкесі.

Еске сала кетейік, Ә. Ысмағұлов АҚШ-та 9 айдан бері жүр. Атырауда ұзақ болмауына байланысты ол бұдан бұрын «Нұр Отан» партиясының фракциясы қатарынан шығарылған болатын, ал енді депутаттық өкілеттігінен айырылды. Әмір Ысмағұлов бізге мәслихат сессиясының шешімімен толық келісетінін мәлім етті:

- Бұл заңды шешім, өйткені заң бойынша сессияға үш рет қатыспаған депутат өзінің өкілеттігінен айырылуға жатады. Ал мен сессияны үш рет жіберіп алдым. Менің алдымда таңдау тұрды: қиын жағдайға тап болған ұлымның жанында болу немесе оны жалғыз қалдырып, депутаттық ісіммен айналысу. Мен біріншісін таңдадым.

Айнұр САПАРОВА

4 ақпан 2014, 11:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.