Атырау, 25 қараша 00:10
 дождьВ Атырау +8.9
$ 458.28
€ 501.45
₽ 5.59

​Құрманғазы аудандық мәслихаты депутаттығына сайлануға тіркелген үміткерлер

87 рет қаралды

2026 жылғы 29 қарашада өтетін кезектен тыс сайлауда Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 13 депутаттық мандатына 39 кандидат таласады. Үміткерлер қатарында қазіргі ауыл әкімі, аудандық аурухана мен коммуналдық кәсіпорын басшылары, кәсіпкер, мұғалім, фермер және мәдениет саласының қызметкерлері бар. Бастапқыда кандидат саны 40 болған, алайда олардың біреуінің тіркеуі салық декларациясындағы заңбұзушылықтарға байланысты жойылды. «Ақ Жайық» үш ресми құжатты зерделеп, кандидаттардың жасын, жұмыс және тұрғылықты жерлерін, сондай-ақ партияға тиесілігі бар-жоғын талдады.

Округтік сайлау комиссияларының 1 қарашадағы жағдай бойынша хабарламасына сәйкес, Құрманғазы ауданында 13 бірмандатты сайлау округі бойынша 40 кандидат тіркелген.

Алайда 3 қарашада №10 округтік сайлау комиссиясы сайлауға өзін-өзі ұсыну тәртібімен қатысқан кәсіпкер Ақылбек Сәрсембаевтың тіркеуінің күшін жойды. Осылайша, оның тіркеуі жойылғаннан кейін тізімде 39 кандидат қалды — әр депутаттық мандатқа үш адамнан келеді.

Партиялық құрамды талдау үшін біз 27 қазандағы жағдай бойынша кандидаттарды ұсыну қорытындыcы туралы құжатты да зерттедік. Үміткерлерді қандай партиялар ұсынғаны және сайлауға кім өз бетінше қатысуды ұйғарғаны дәл осы құжатта көрсетілген.

Партиялық құрам: көбі өзін-өзі ұсынғандар, ал «Әділет» алда келеді

Құрманғазы аудандық мәслихатының сайлауына төрт саяси партияның өкілдері және өзін-өзі ұсынған үміткерлер қатысады. Ақылбек Сәрсембаевтың тіркеуінің жойылғанын ескергенде, сипаты мынадай:

Осылайша, 25 кандидатты (64,1%) саяси партиялар ұсынған, тағы 14 адам (35,9%) сайлауға өз бетінше қатысады.

Партиялар арасында тіркелген үміткерлердің көбі «Әділет» партиясынан — он кандидат. Олар №2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 10, 11 және 13 округтерде тіркелген.

«Ауыл» партиясы сегіз үміткер ұсынды — №2, 3, 4, 5, 7, 9, 12 және 13 округтерде.

«Ақ жол» партиясынан төрт кандидат №1, 6, 9 және 12 округтерде бақ сынайды.

Қазақстан Халық партиясынан үш адам түсіп жатыр — №1, 10 және 11 округтерде.

Назар аударарлығы, өзін-өзі ұсынған кандидаттар барлық 13 округте бар, ал №8 округте олар тіпті екеу. Мұнда депутаттық мандат үшін «КазСтройПроект-НС» ЖШС құрылтайшысы Асхат Елеуов, спорттық-сауықтыру кешенінің жүргізушісі Бауыржан Ниязов және «АқкөлСтройСервис» ЖШС директоры Өмірбек Мұханбеталиев таласады. Алғашқы екеуі өзін-өзі ұсыну тәртібімен қатысса, үшіншісі «Әділет» партиясының атынан түседі.

Үміткердің жасы: 23 жастан 64 жасқа дейін

Үміткерлердің жас құрамы әртүрлі.

Ең жас кандидат — 2003 жылы туған Санжар Базарбаев. Ол И. Тайманов атындағы орта мектепте мұғалім болып жұмыс істейді және №9 округ бойынша «Ақ жол» партиясынан түседі. 2026 жылы ол 23 жасқа толады.

Жасы ең үлкен кандидат — 1962 жылы туған, «ОлимпОйлСервисез» ЖШС бас директоры Ғариполла Ілиясов. Ол №13 округ бойынша «Әділет» партиясынан ұсынылған. Биыл ол 64 жасқа толады.

Туған жылы бойынша есептелген кандидаттардың орташа жасы 39,2 жасты құрайды. Жастық құрылым мынадай:

Ең көп жас тобы — 30 бен 39 жас аралығындағы кандидаттар. Олар 17 адам. Тағы он үміткер 40 пен 49 жас аралығындағы санатқа жатады.

Осылайша, 39 кандидаттың 27-сі (69,2%) — 30 бен 49 жас аралығындағы адамдар. Сонымен қатар алты кандидат әлі 30 жасқа толмаған, ал алты адам 50 жас және одан асқан жасқа жеткен.

Кандидаттар арасында әйелдер ерлерден төрт есе аз

39 кандидаттың 31-і ер адам және сегізі — әйел. Осылайша, үміткерлердің 79,5%-ын ерлер, 20,5%-ын әйелдер құрайды.

Әйелдер жеті округте — №1, 2, 4, 5, 6, 10 және 11 округтерде ұсынылған. Әсіресе бір депутаттық мандатқа бірден екі әйел таласатын №5 округ ерекше көзге түсті.

Олар — «Ауыл» партиясынан ұсынылған аудандық білім бөлімінің әдіскер-тәрбиешісі, 1991 жылы туған Нұргүл Ахметова және «Әділет» партиясының өкілі, тарихи-өлкетану мұражайының аудандық бөлімшесінің меңгерушісі, 1990 жылы туған Жазира Хайрошова.

Олардың қарсыласы — өзін-өзі ұсыну тәртібімен қатысып жатқан, А.Сәрсембаев атындағы мектептің тарих пәнінің мұғалімі, 1983 жылы туған Әділбек Қуанышбаев.

№3, 7, 8, 9, 12 және 13 округтерде тіркелген кандидаттар арасында әйелдер жоқ.

Депутаттыққа үміткер арасында қазіргі ауыл әкімі бар

Сайлауға қазіргі ауылдық округ әкімінің қатысуы ерекше назар аударуға тұрарлық жағдай.

№3 сайлау округі бойынша «Әділет» партиясынан Орлы ауылдық округінің әкімі, 1969 жылы туған Жандос Бектеміров түседі. Кандидаттардың ресми тізімінде оның жұмыс орны ретінде Орлы ауылдық округі әкімінің аппараты, ал тұрғылықты жері ретінде Құрманғазы ауылы көрсетілген.

Оның қарсыластары — кандидатурасын өз бетінше ұсынған, 1974 жылы туған Асылхан Құспанов және «Ауыл» партиясының өкілі, «Магистральный водопровод» ЖШС өндіріс жөніндегі аға маманы, 1977 жылы туған Роберт Жармұханов.

Құжаттарда Құспановтың жұмыс орнына қатысты сәйкессіздік бар. Ұсыну туралы мәліметтерде ол Құрманғазы аграрлық-техникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері деп көрсетілсе, кейінгі тіркеу туралы хабарламада «Құспанов» ЖК директоры ретінде аталған.

Осылайша, сайлауға атқарушы биліктен өкілді органға өтуді көздеп отырған ауылдық округтің қазіргі басшысы қатысып жатыр.

Депутаттыққа сайлануға аурухана, колледж және коммуналдық кәсіпорын басшылары барады

Кандидаттар арасында мемлекеттік, коммуналдық және жекеменшік ұйым басшылары айтарлықтай топты құрайды.

Мәселен, №6 округ бойынша «Әділет» партиясынан Құрманғазы аудандық ауруханасының директоры, 1987 жылы туған Саида Зұлқашева түседі. Оның қарсыластары — Б. Биғолиев атындағы орта мектептің мұғалімі Ерен Сариев («Ақ жол») және Құрманғазы локомотив депосы машинисінің көмекшісі Жангелді Шайхмеденов (өзін-өзі ұсыну).

№4 округте «Әділет» партиясынан Құрманғазы аграрлық-техникалық колледжінің директоры, 1967 жылы туған Болатбек Өтегенов қатысады. Ол депутаттық мандат үшін өзін-өзі ұсыну тәртібімен қатысып жатқан ағылшын тілі мұғалімі Самал Зинуровамен және «Ауыл» партиясы ұсынған ветеринар Жандос Нұрхатовпен күреседі.

№11 округ бойынша «Әділет» партиясынан «Құрманғазы Су Арнасы» ЖШС директоры, 1988 жылы туған Ерлан Аманжанұлы түседі. Осы округте тарих пәнінің мұғалімі Айнагүл Олжабаева (өзін-өзі ұсыну) және аудандық Отбасын қолдау орталығының кадр қызметінің инспекторы Балағазы Иманғалиев (Қазақстан Халық партиясы) тіркелген.

«Құрманғазы Су Арнасы» кәсіпорнының екі қызметкері сайлауға түседі

«Құрманғазы Су Арнасы» кәсіпорнымен бірден екі кандидаттың байланысы бар.

№1 округ бойынша өзін-өзі ұсыну тәртібімен кәсіпорынның жоспарлау бөлімінің меңгерушісі, 1987 жылы туған Серік Зинуллин түседі. Ал №11 округ бойынша «Әділет» партиясынан «Құрманғазы Су Арнасы» директоры Ерлан Аманжанұлы ұсынылған.

Осылайша, кәсіпорын басшысы мен оның бөлімдерінің бірінің меңгерушісі әртүрлі округтерден депутаттық мандат алмақ. Сонымен қатар №3 округ бойынша «Ауыл» партиясынан «Магистральный водопровод» ЖШС өндіріс жөніндегі аға маманы Роберт Жармұханов қатысады.

Демек, үміткерлер арасында ауданды сумен жабдықтаумен байланысты ұйымдардың бірнеше өкілі бар.

Аудандық мәслихатқа сайлануға ветеринарлар тіркелді

Тіркелген кандидаттар тізімінде ветеринария қызметінің мамандары да бар.

№1 округ бойынша Қазақстан Халық партиясынан Мақаш ауылдық округі ветеринариялық пунктінің меңгерушісі, 1965 жылы туған Меңдіхан Қабуов түседі.

№4 округте «Ауыл» партиясынан сол пункттің ветеринары, 2000 жылы туған Жандос Нұрхатов қатысады.

Тағы екі кандидат Шортанбай ауылдық округінің ветеринариялық пунктінде жұмыс істейді. Олар — №10 округ бойынша «Әділет» партиясы ұсынған пункт меңгерушісі, 1996 жылы туған Қанат Рысқалиев және №12 округте «Ауыл» партиясының өкілі ретінде түсіп жатқан ветеринар, 2000 жылы туған Қосай Елжанов.

Осылайша, төрт кандидат ауданның ветеринариялық қызметімен байланысты. Олардың барлығын саяси партиялар ұсынған.

Мұғалімдер, мәдениет және әлеуметтік сала қызметкерлері

Тізімде білім беру саласының өкілдері аз емес.

Кандидаттар қатарында мұғалімдер Алтынай Байдаева, Жадыра Нәжіб, Самал Зинурова, Әділбек Қуанышбаев, Ерен Сариев, Санжар Базарбаев және Айнагүл Олжабаева бар.

Сондай-ақ мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ернар Қабиев, аудандық білім бөлімінің әдіскері Сабыржан Ықыласов, әдіскер-тәрбиеші Нұргүл Ахметова және өндірістік оқыту шебері Есенбек Ахдүйсеев қатысады.

Мәдениет саласы да бар.

№2 округ бойынша С. Көшекбаев атындағы Мәдениет үйінің бірден екі қызметкері тіркелген.

Олар — «Ауыл» партиясының өкілі, шаруашылық бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1999 жылы туған Аян Жексенбай және «Әділет» партиясы ұсынған режиссердің ассистенті, 1981 жылы туған Болат Бидуллаев. Олардың қарсыласы — өзін-өзі ұсыну тәртібімен қатысып жатқан қазақ тілі мұғалімі Жадыра Нәжіб.

№5 округте «Әділет» партиясынан тарихи-өлкетану мұражайының аудандық бөлімшесінің меңгерушісі Жазира Хайрошова түседі.

Бірнеше округте әлеуметтік қолдау мекемелерінің қызметкерлері қатысады.

Мәселен, №10 округ бойынша өзін-өзі ұсыну тәртібімен Құрманғазы аудандық Отбасын қолдау орталығының құрылымдық бөлімінің басшысы, 1973 жылы туған Альберт Бисенғалиев түседі.

№11 округте Қазақстан Халық партиясынан сол орталықтың қызметкері Балағазы Иманғалиев қатысады.

Ал №12 округ бойынша «Ақ жол» партиясынан Құрманғазы аудандық Отбасын қолдау орталығының директоры, 1988 жылы туған Анарбек Баймұханов ұсынылған.

Кәсіпкерлер, фермерлер және жеке компания өкілдері

Үміткерлер арасында бизнес өкілдері де бар.

№8 округ бойынша «Әділет» партиясынан «АқкөлСтройСервис» ЖШС директоры Өмірбек Мұханбеталиев түседі. Осы округте кандидатурасын өз бетінше ұсынған «КазСтройПроект-НС» ЖШС құрылтайшысы Асхат Елеуов қатысады.

№13 округте «Әділет» партиясынан «ОлимпОйлСервисез» ЖШС бас директоры Ғариполла Ілиясов тіркелген.

Кандидаттар арасында ірі компаниялардың қызметкерлері де бар.

Мысалы, №7 округ бойынша өзін-өзі ұсыну тәртібімен PepsiCo сауда агенті Әнуар Ерғалиев қатысады. №6 округте — «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Құрманғазы локомотив депосы машинисінің көмекшісі Жангелді Шайхмеденов. №13 округте — «BUE KAZAKHSTAN LIMITED» ЖШС қызметкері Жасұлан Зинешов.

Ауыл шаруашылығы өкілдері де бар.

№9 округ бойынша «Ауыл» партиясынан «Сұлтан» шаруа қожалығының басшысы, 1991 жылы туған Батырхан Сұлтанов түседі.

Бір кандидат тіркеуден кейін шеттетілді

№10 сайлау округтегі жағдай ерекше назар аударуға тұрарлық.

Бастапқыда мұнда төрт кандидат тіркелген болатын, олардың қатарында кәсіпкер және қоғам белсендісі, 1988 жылы туған Ақылбек Сәрсембаев та бар еді. Алайда 3 қарашада №10 округтік сайлау комиссиясы оның тіркеуін күшінен жойды.

Бұған 2026 жылғы 2 қарашадағы Құрманғазы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының хаты негіз болды. Сайлау комиссиясының хаттамасына сәйкес, Сәрсембаевтың 15 қазанда тапсырған активтері мен міндеттемелері туралы декларациясында көрсетілген мәліметтерден заңбұзушылықтар анықталған. Осыған байланысты оны кандидат ретінде тіркеу туралы 27 қазандағы шешімнің күші жойылды.

«Ақ Жайық» бұған дейін хабарлағандай, Сәрсембаев мұндай шешіммен келіспейді. Оның айтуынша, бастапқыда оған кандидат куәлігі берілген, ал тіркеудің жойылғаны туралы ол ауызша білген. Кәсіпкер туған ауылы Бөкейханның мәселелерін көтеріп, жергілікті биліктен бюджет қаражатының жұмсалуы туралы сұрақтар қоюымен танымал. Сәрсембаевтың өзі барлық үміткердің ішінен дәл өзін неге шеттеткенін түсінбейді.

Тіркеуі жойылғаннан кейін №10 округте үш кандидат қалды:

  • Альберт Бисенғалиев — өзін-өзі ұсыну.

  • Балжан Жұмалиева — Қазақстан Халық партиясы.

  • Қанат Рысқалиев — «Әділет» партиясы.

Осылайша, №10 округте төрт кандидаттың орнына бір депутаттық мандатқа үшеуі таласады.

Кандидаттардың көпшілігі Құрманғазы ауданында тұрады

Тұрғылықты жерлерді талдау 39 кандидаттың 15-і аудан орталығы — Құрманғазы ауылында тұратынын көрсетті. Бұл барлық үміткердің 38,5%-ы.

Тағы төртеуі Теңіз ауылында, үшеуі — Нұржауда, екеуден — Жүмекенде, Ақкөлде, Алғада және Жыландыда тұрады. Қалған кандидаттар басқа елді мекендерде тұрады. Тіркелген кандидаттардың ішінде екі азамат Атырау қаласының тұрғыны екен.

Олар — №2 округ бойынша өзін-өзі ұсыну тәртібімен қатысып жатқан қазақ тілі мұғалімі Жадыра Нәжіб және №9 округ бойынша «Ақ жол» партиясынан ұсынылған мұғалім Санжар Базарбаев.

Құжаттарда бір кандидаттың тұрғылықты жері бойынша да сәйкессіздік бар. Мәселен, ұсыну туралы мәліметтерде Әділбек Қуанышбаев Алматы облысы Қарасай ауданы Ақкөл ауылының тұрғыны деп көрсетілсе, кейінгі тіркеу туралы хабарламада оның тұрғылықты жері ретінде Құрманғазы ауданы Алға ауылы аталған.

Тұрғылықты жерлерді талдау үшін біз 1 қарашадағы кандидаттарды тіркеу туралы құжаттың мәліметтерін пайдаландық.

Сайлау округтері бойынша кандидаттардың толық тізімі

№1 округ

  • Алтынай Байдаева, 1978 ж. т. — Ю. Гагарин атындағы орта мектептің мұғалімі, Теңіз ауылының тұрғыны. «Ақ жол» партиясы.

  • Серік Зинуллин, 1987 ж. т. — «Құрманғазы Су Арнасы» ЖШС жоспарлау бөлімінің меңгерушісі, Құрманғазы ауылының тұрғыны. Өзін-өзі ұсыну.

  • Меңдіхан Қабуов, 1965 ж. т. — Мақаш ауылдық округі ветеринариялық пунктінің меңгерушісі, Алға ауылының тұрғыны. Қазақстан Халық партиясы.

№2 округ

  • Болат Бидуллаев, 1981 ж. т. — С. Көшекбаев атындағы Мәдениет үйі режиссерінің ассистенті, Жүмекен ауылының тұрғыны. «Әділет» партиясы.

  • Аян Жексенбай, 1999 ж. т. — С. Көшекбаев атындағы Мәдениет үйі шаруашылық бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Құрманғазы ауылының тұрғыны. «Ауыл» партиясы.

  • Жадыра Нәжіб, 1996 ж. т. — А. Сәрсембаев атындағы орта мектептің қазақ тілі мұғалімі, Атырау қаласының тұрғыны. Өзін-өзі ұсыну.

№3 округ

  • Жандос Бектеміров, 1969 ж. т. — Орлы ауылдық округінің әкімі, Құрманғазы ауылының тұрғыны. «Әділет» партиясы.

  • Роберт Жармұханов, 1977 ж. т. — «Магистральный водопровод» ЖШС өндіріс жөніндегі аға маманы, Қиғаш ауылының тұрғыны. «Ауыл» партиясы.

  • Асылхан Құспанов, 1974 ж. т. — тіркеу туралы хабарламаға сәйкес, «Құспанов» ЖК директоры, Нұржау ауылының тұрғыны. Өзін-өзі ұсыну.

№4 округ

  • Самал Зинурова, 1996 ж. т. — Еңбекші орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі, Жүмекен ауылының тұрғыны. Өзін-өзі ұсыну.

  • Жандос Нұрхатов, 2000 ж. т. — Мақаш ауылдық округінің ветеринары, Орлы ауылының тұрғыны. «Ауыл» партиясы.

  • Болатбек Өтегенов, 1967 ж. т. — Құрманғазы аграрлық-техникалық колледжінің директоры, Құрманғазы ауылының тұрғыны. «Әділет» партиясы.

№5 округ

  • Нұргүл Ахметова, 1991 ж. т. — аудандық білім бөлімінің әдіскер-тәрбиешісі, Теңіз ауылының тұрғыны. «Ауыл» партиясы.

  • Әділбек Қуанышбаев, 1983 ж. т. — А. Сәрсембаев атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі, тіркеу туралы хабарламаға сәйкес — Алға ауылының тұрғыны. Өзін-өзі ұсыну.

  • Жазира Хайрошова, 1990 ж. т. — Атырау облысы тарихи-өлкетану мұражайы Құрманғазы аудандық бөлімшесінің меңгерушісі, Құрманғазы ауылының тұрғыны. «Әділет» партиясы.

№6 округ

  • Саида Зұлқашева, 1987 ж. т. — Құрманғазы аудандық ауруханасының директоры, Нұржау ауылының тұрғыны. «Әділет» партиясы.

  • Ерен Сариев, 1989 ж. т. — Б. Биғолиев атындағы орта мектептің мұғалімі, Теңіз ауылының тұрғыны. «Ақ жол» партиясы.

  • Жангелді Шайхмеденов, 1986 ж. т. — «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Құрманғазы локомотив депосы машинисінің көмекшісі, Ақкөл ауылының тұрғыны. Өзін-өзі ұсыну.

№7 округ

  • Әнуар Ерғалиев, 1997 ж. т. — PepsiCo сауда агенті, Құрманғазы ауылының тұрғыны. Өзін-өзі ұсыну.

  • Аслан Мұханғалиев, 1996 ж. т. — Құрманғазы ауданы балалар мен жасөспірімдер дене дайындығы клубының маманы, Құрманғазы ауылының тұрғыны. «Ауыл» партиясы.

  • Әнуарбек Сәбитов, 1994 ж. т. — «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы Құрманғазы аудандық филиалының директоры, Құрманғазы ауылының тұрғыны. «Әділет» партиясы.

№8 округ

  • Асхат Елеуов, 1981 ж. т. — «КазСтройПроект-НС» ЖШС құрылтайшысы, Құрманғазы ауылының тұрғыны. Өзін-өзі ұсыну.

  • Өмірбек Мұханбеталиев, 1983 ж. т. — «АқкөлСтройСервис» ЖШС директоры, Ақкөл ауылының тұрғыны. «Әділет» партиясы.

  • Бауыржан Ниязов, 1984 ж. т. — спорттық-сауықтыру кешенінің жүргізушісі, Бөкейхан ауылының тұрғыны. Өзін-өзі ұсыну.

№9 округ

  • Санжар Базарбаев, 2003 ж. т. — И. Тайманов атындағы орта мектептің мұғалімі, Атырау қаласының тұрғыны. «Ақ жол» партиясы.

  • Ернар Қабиев, 2000 ж. т. — Еңбекші орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Дәулеткерей ауылының тұрғыны. Өзін-өзі ұсыну.

  • Батырхан Сұлтанов, 1991 ж. т. — «Сұлтан» шаруа қожалығының басшысы, Жыланды ауылының тұрғыны. «Ауыл» партиясы.

№10 округ

  • Альберт Бисенғалиев, 1973 ж. т. — Құрманғазы аудандық Отбасын қолдау орталығы құрылымдық бөлімінің басшысы, Құрманғазы ауылының тұрғыны. Өзін-өзі ұсыну.

  • Балжан Жұмалиева, 1985 ж. т. — Атырау облысы ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталығы» КМК маманы, Құрманғазы ауылының тұрғыны. Қазақстан Халық партиясы.

  • Қанат Рысқалиев, 1996 ж. т. — Шортанбай ауылдық округі ветеринариялық пунктінің меңгерушісі, Жыланды ауылының тұрғыны. «Әділет» партиясы.

Төртінші кандидат — Ақылбек Сәрсембаевтың тіркеуі 2026 жылғы 3 қарашада жойылды.

№11 округ

  • Ерлан Аманжанұлы, 1988 ж. т. — «Құрманғазы Су Арнасы» ЖШС директоры, Құрманғазы ауылының тұрғыны. «Әділет» партиясы.

  • Балағазы Иманғалиев, 1980 ж. т. — Құрманғазы аудандық Отбасын қолдау орталығының кадр қызметінің инспекторы, Құрманғазы ауылының тұрғыны. Қазақстан Халық партиясы.

  • Айнагүл Олжабаева, 1989 ж. т. — М. Әуезов атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі, Құрманғазы ауылының тұрғыны. Өзін-өзі ұсыну.

№12 округ

  • Есенбек Ахдүйсеев, 1991 ж. т. — Құрманғазы аграрлық-техникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері, Нұржау ауылының тұрғыны. Өзін-өзі ұсыну.

  • Анарбек Баймұханов, 1988 ж. т. — Құрманғазы аудандық Отбасын қолдау орталығының директоры, Теңіз ауылының тұрғыны. «Ақ жол» партиясы.

  • Қосай Елжанов, 2000 ж. т. — Шортанбай ауылдық округінің ветеринары, Хиуаз ауылының тұрғыны. «Ауыл» партиясы.

№13 округ

  • Жасұлан Зинешов, 1996 ж. т. — «BUE KAZAKHSTAN LIMITED» ЖШС қызметкері, Шортанбай ауылының тұрғыны. Өзін-өзі ұсыну.

  • Ғариполла Ілиясов, 1962 ж. т. — «ОлимпОйлСервисез» ЖШС бас директоры, Балқұдық ауылының тұрғыны. «Әділет» партиясы.

  • Сабыржан Ықыласов, 1994 ж. т. — аудандық білім бөлімінің әдіскері, Құрманғазы ауылының тұрғыны. «Ауыл» партиясы.

Жомарт ӘМІРХАНОВ

Кеше, 14:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.