Атырау, 19 қазан 10:32
 дождьВ Атырау +9.7
$ 452.12
€ 508.95
₽ 5.41

Израильден шыққан рейс жойғыш ұшақтардың сүйемелдеуімен шұғыл түрде Софияға​қонды

65 рет қаралды
Austrian Airlines авиакомпаниясының Airbus A320 ұшағы. Көрнекі сурет: Wolfgang Minich/picture alliance
Austrian Airlines авиакомпаниясының Airbus A320 ұшағы. Көрнекі сурет: Wolfgang Minich/picture alliance

Тель-Авивтен Венаға бағыт алған Austrian Airlines компаниясының Airbus A320 жолаушылар авиалайнері София әуежайына шұғыл қонды. Бұған жарылыс қаупі туралы түскен хабарлама себеп болды, деп хабарлайдыхабарлайды DW.

Flightradar24 сервисінің мәліметінше, Румынияның оңтүстік аспанында болған лайнер бағытын шұғыл өзгертіп, Болгария астанасына қарай бет алған. Ел билігі азаматтық бортты сүйемелдеу үшін ұлттық ӘӘК жойғыш ұшағын жедел ауаға көтерді.

Бортта 51 жолаушы мен экипаждың алты мүшесі болған. София әуежайында адамдар эвакуацияланып, шұғыл қызметтер әуе кемесіне толық тексеру жүргізді.

Тексеруден кейін және төнген қауіп жоққа шығарылған соң ұшақ рейсін ары қарай жалғастырып, 19 қазанға қараған түнде Венаға аман-есен жетті. Austrian Airlines авиакомпаниясы оқиға болғанын және тексерулер жүргізілгенін растады.

Бүгін, 09:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.