Атырау, 13 қазан 12:36
 дождьВ Атырау +20
$ 451.31
€ 504.56
₽ 5.36

Йемен хуситтері АҚШ-қа «ауыр соққы берілетінін» айтып ескертті

63 рет қаралды
Сурет: althawranews.net
Сурет: althawranews.net

Йемендегі хуситтер АҚШ Сауд Арабиясының әскери операцияларына араласатын болса, Американың Жақын Шығыстағы мудделері мен нысандарына соққы беретінін мәлімдеді.

Бұл туралы топтаманың саяси бюро мүшесі Мохаммед аль-Бухайти ескертті. Оның айтуынша, Вашингтон тарапынан қандай да бір әскери әрекет байқалса, жауап ретінде соққы тым тез әрі ауыр болады.

«Егер АШҚ Йеменге қарсы агрессияға араласатын болса, біз ұзақ ойланып отырмаймыз. АҚШ пен оның өңіріндегі барлық мүддесіне бағытталған тез әрі ауыр соққы жасалады», – деді Мохаммед аль-Бухайти.

Сонымен бірге хуситтер өкілі Сауд Арабиясының мұнай нысандары мен әуежайларында жұмыс істейтін персоналды тез арада жұмыс орындарынан кетуге шақырды. Топтама өкілдері бұл инфрақұрылымдар енді «заңды нысанаға» айналғанын ашық хабарлады.

Өңірдегі жағдай хуситтердің Эр-Риядтағы Король Халид атындағы халықаралық әуежайға жасаған шабуылынан кейін күрт ушықты. Әуе соққысы салдарынан кем дегенде 13 адам қаза тауып, жүздеген тұрғын түрлі жарақат алған еді.

АҚШ Президенті Дональд Трамп Сауд Арабиясының астанасына жасалған шабуылды айыптап, мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін мәлімдеді. Ақ үй басшысы хуситтердің іс-әрекетін «өте өрескел қадам» деп бағалады.

Таяу Шығыстағы шиеленіс Иран тарапынан жасалған дөңайбатпен одан әрі күшейе түсті. Бұған дейін Тегеран Парсы шығанағында орналасқан америкалық деректерді өңдеу орталықтарын (дата-центрлерді) жойып жіберетінін айтып сес көрсеткен болатын.

Бүгін, 11:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.