Атырау, 9 қазан 15:05
 дождьВ Атырау +23.8
$ 448.94
€ 502.05
₽ 5.26

Теміртаудың 20 жастағы тұрғыны әкесі мен анасын өлтірді деген күдікке ілінді

58 рет қаралды

Теміртауда 52 жастағы ер адам мен 49 жастағы әйелдің өліміне қатысты қос кісі өлтіру дерегі тергеліп жатыр.

«Криминальный Казахстан» Telegram-арнасының хабарлауынша, ерлі-зайыптылардың мәйіттері 7 қазанда Республика даңғылындағы пәтерлердің бірінен табылған.

Қарағанды облысының Полиция департаменті аталған факті бойынша «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция марқұмдардың 20 жастағы ұлын ұстады. Ол ата-анасын өлтіруге қатысы бар деген күдікке ілінді.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу жалғасып жатыр. Іске қатысты өзге мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты әзірге жария етілмейді.

Бүгін, 14:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.