Атырау, 6 қазан 11:02
 дождьВ Атырау +8.9
$ 454.98
€ 509.53
₽ 5.37

Лифтте тиіскені үшін 100 сағаттық жұмыс: Алматы соты айыпты азаматты неге қамауға ала алмады

67 рет қаралды

Алматыда кәмелетке толмаған балаға жыныстық сипатта тиіскені үшін кінәлі деп танылған 23 жастағы Дінмұхаммад Жармұхамбетовке үкім шықты. Сот оған 100 сағат қоғамдық жұмыстар жүктеді, деп жазады Kazachkov offside.

Оқиға 6 тамызда «Mega Towers» тұрғын үй кешенінің лифт кабинасында болған. Жармұхамбетов кәмелетке толмаған қыздың соңынан лифтке кіріп, оған қатысты жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттерін жасай бастаған. Қыз бала есік ашылысымен лифттен жүгіріп шығып, болған жағдайды әкесіне хабарлаған, ал ол дереу полиция шақырған. Күдікті ізі суымай ұсталды.

Сотталушы кінәсін мойындаған жоқ. Оның айтуынша, ол тек уақытты білмек болып, зардап шегушінің смартфонының экранына қарау үшін жақынырақ келген. Дегенмен бейнебақылау камерасындағы жазба оның бұл айтқанын теріске шығарды: кадрларда ер адамның күш қолданғаны, одан кейін жәбірленушінің одан алшақтауға тырысып, қабаттағы алаңшаға жүгіріп шыққаны тіркелген.

Сот Жармұхамбетовтің әрекеттерін ҚР Қылмыстық кодексінің 121-1-бабы («Он алты жасқа толмаған адамдарға жыныстық сипатта тиісу») бойынша саралап, оған қатысты 100 сағат қоғамдық жұмыс атқаруға үкім шығарды. 

Бұл баптың ең жоғары санкциясы 50 тәулікке дейін қамауға алуды қарастырады, бірақ бұл жаза шарасын қолдану қазіргі уақытта шектелген. Заңнамалық түзетулер аясында Қазақстанда мамандандырылған қабылдау орындарының тапшылығына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін қамауға алу жазасын тағайындауға 2030 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімге мораторий енгізілген.

Айта кету керек, 2025 жылы Жармұхамбетов есірткі құралдарын жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол мерзімнің бір бөлігін қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеп, өтелмеген бөлігін Түркістан облысының пробация қызметінде есепте тұрып, шартты түрде өтеп жүрген.

Пробациялық бақылау кезеңінде жаңа құқық бұзушылық жасауына байланысты шартты мерзімді нақты бас бостандығынан айыруға ауыстыру мүмкіндігі туралы мәселе туындайды.

Бүгін, 09:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.