Атырау, 5 қазан 18:08
 дождьВ Атырау +16.2
$ 447.73
€ 502.98
₽ 5.35

Алматы маңында «Хизб ут-Тахрир» ұйымының ұяшығы әшкереленді

64 рет қаралды
видеодан скриншот
видеодан скриншот

Алматы облысында тыйым салынған діни-экстремистік «Хизб ут-Тахрир» ұйымы ұяшығының қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды nur.kz.

Тінту жұмыстары Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылында жүргізілді. Құқық қорғау органдарының назарына экстремистік қозғалыстың қызметіне қатысы бар жергілікті тұрғындар іліккен.

Алматы облысының дін істері басқармасының мәліметінше, астыртын ұяшыққа 25 адам тартылған.

«Тінту барысында күдіктілерден түрлі діни әдебиеттер, кітапшалар, жеке жазбалар, сондай-ақ смартфондар мен электрондық ақпарат тасымалдағыштар тәркіленді», — деп нақтылады ведомство.

Қазіргі уақытта осы факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары тәркіленген материалдарды зерттеп, топтың әр мүшесінің рөлін анықтауда.

Бүгін, 16:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.