
Каспийдегі қайғылы оқиға кезінде аман қалғандардың бірі, атыраулық әскери қызметші Бекет Қуандық әскерден босап, Атырауға оралды.
Бекет Ақтаудағы №29011 әскери бөлімде мерзімді әскери қызметін өтеді. 2026 жылдың күзінде Каспийдегі әскери оқу-жаттығу іс-шаралары кезінде әскери қызметшілердің өмірін қиған қайғылы оқиға болды. Бекет аман қалды.
Кейін оның анасы ұлының ауруханаға түспегенін және жағаға өз бетінше жеткенін айтқан еді. Ол кезде жақындары ең бастысы — оның аман екенін және ауыр жарақат алмағанын білгісі келді. Анасының айтуынша, бұл оқиғаны қаруластарының қаза тапқанына куә болған жас сарбаздар әлі де ұмыта алмайды.

Әскери борышын өтеу кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Бекет Қуандық «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Ол бөлімде қалып, тиісті борышын аяғына дейін өтеді. Атырау әуежайында Бекетті ата-анасы, туған-туыстары мен достары қарсы алды. Жанын шүберекке түйіп, бірнеше ай күткеннен кейін бұл кездесу олар үшін ерекше қуаныш болды.

Айгүл МАНСҰРОВА
Сурет әлеуметтік желіден алынды
В Атырау +13.8